«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

САДАҚА БЕРУ-ЖОМАРТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Сәрсенбі, 23 Маусым 2021 00:00

САДАҚА БЕРУ-ЖОМАРТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Садақа әр адамның жеке бас және отбасының аман саулығы үшін шығарылатын қаражат немесе мүлік. Бабаларымыз «Малым-жаныммың жаным-арымның садағасы» деп бекет айтпаған.

Садақаның аз-көбі болмайды. Тек шынайы ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі маңызды. Исламда: «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» деп садақаны жариясыз, барынша жасырып беруді мінждет еткен. Себебі садақа алып тұрған адамның қоғамдағы тұлғасына дақ түспеу дегенге саяды.

Асыл дінімізде садақа беруге барынша насихат айтылған. Қасиетті Құран Кәрімде садақа беру, мал-немесе мүлік жұмсау туралы 200 жерде айтылған. Садақаның ерекшеліктер:

- Мұқтаж жанға беру;

- Алла разылығы үшін берілуі;

- Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.

Ислам діні ұлтына дініне, жынысына бөлмей, дәрежесіне қарамай көмек көрсетуді үндейтін дін.

Тауарихта жер жүзінде Исламға дейін жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы ешбір теңдік болмаған. Асыл дін ислам келіп адамдарға теңдік орнатып, бай мен кедейді жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды насихаттады.

Қасиетті Құранда садақа туралы «Али Имран» сүресінің 26 аятында:

«Сен айт: «Патшалықтың иесі болған ей, Алла! Қалаған адамыңа патшалық бересің, қаласаң одан тартып аласың, ықыласың түскенге үйіп-төгіп байлық бересің де қырыңа алғаныңды қор етіп қоясың. Игіліктің бәрі өз қолыңда. Сенің құдіретің бәріне толық жетеді» деген.

Алла біздерге берген мал-мүлкін орнымен жұмсауды насихат етеді. Құранда дәулеттің бір бөлігінен мұқтаждарға беру туралы «Зарият» сүресінің аятында: «Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» деп барынша нақтылаған. Алла берген дүниені кімге, қайда, қалай жұмсау керектігі туралы мына аят баян етілген.

«Бақара» сүресінің 215 аятында: «Сенен адамдар мал-мүліктерін қалай жұмсауы керектігі жөнінде сұрайды. Сен айт: «Оны қалай жұмсасаңдар да еріктерің. Ата-аналарыңа ма, туысқандарыңа ма, жетімдерге ме, пақырларға ма, әлде мүсәпір жолаушыға ма, бәрібір әйтеуір жасаған қайырларыңды бір Алла білмей қоймайды», (2.

Садақа беру, мұқтаждарға қарайласу ең бір ізгі амал деп, Алла разылығы үшін мұсылман баласы бір біріне көмек көрсету сауаптар жазылатын абзал іс деп көрсеткен. Бұл туралы «Алла берген несібені (игілікке) жұмсамай, сараңдық жасағандар қараулығы өздеріне пайда жеткізеді деп ойламай-ақ қойсын. Ол – өздеріне зиян. Сараңдық еткен нәрселері қиямет күнінде мойындарына шынжыр болып оралады. Жер-көктегі игіліктің иесі Алла. Кімнің не істегенін бір Алла түгел көріп тұрады» деп «Али Имран» сүресінің 180 аятында айтылған.

Бірде Алла Елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен сахабаларының арасында мынандай әңгіме айтады. Алла Елшісі (с.ғ.с):Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, - деді. Сахабалардан бірі:

- Ей, Алланың Елшісі (с.ғ.с) таппаған адам не істейді? Пайғамбарымыз (с.ғ.с)

- Жұмыс істеп, табыс тауып садақа берер, - деді. Сахабалар:

- Істейтін жұмыс таппаса не болады? – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Мұқтаж болған жанға қандайда бір көмегін береді, - деді. Сахабалар:

- Жәрдем ететін адам да таппаса ше? – деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Қандай да бір іс жасаса (біреуге жол көрсету, жолдағы зиян тигізетін затты алып тастау, ілім алу, үйрету т.б.), ол үшін бір садақа, - деді. (Бухари, Муслим риуаяты)

Бұған қарап отырып, біз адамға көмек көрсетуді ңөзі садақа берумен тең екеніні және оның өзі садақаға жататындығын байқаймыз.

Садақа бергеннен болып адамның мал-дүниесі кеміп қалмайды қайта берекесі артып, молая түседі делінген. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл туралы: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.) делінген.

Тағы да садақа туралы хадистерде: «Әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Ей, Раббым! Садақа бергенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп ет», - десе, екіншісі: «Ей, Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін опат ет», - деп дұға етеді», - дейді. (Бухари, Зәкат 27; Муслим, Зәкат 57).

Сондықтан мұсылман баласы асыл дініміздің озық дәстүрлерін ала отырып, барынша садақа беруге талпынып, Алланың өзі берген дәулетін өзіне жұмсау мол берекеттің бастауы болады.

 

Біржан Қабылахметұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қалалық «Защита» мешітінің  Бас имамы

Read 208 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…