«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

СЫЙЛЫҚ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?
Бейсенбі, 24 Маусым 2021 00:00

СЫЙЛЫҚ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?

Қазақта «сыйға сый, сырағай бал» деген қанатты сөз бар. Демек бабаларымыз сыйлағанды сыйлап, оның жақсылығын екі еселеп қайтарып келген даналығына бас иеміз.

Сыйлық сыйлау ол – ілтипат ету, құрмет көрсетудің бір белгісі ретінде белгілі. Сыйлық беруде алу да ол екі жақты өзара махаббатқа бөлейтін қадірлі іс.

Қазақ халқы «Әркім сыйлағанның құлы» десе, «Жақсылыққа жақсылық ер адамның ісі, жамандыққа жақсылық әр адамның ісі» деп жақсылық жасау, сыйлық сыйлау туралы дана тұжырымдар қалдырып кеткен.

Адам біреуден сыйлық алғанда жаны жадырап, көңілі көтеріліп, ерекше қуанып қалады.

Бабаларымыз бір біріне тұлпар сыйлап, немесе қыран құсын ұсынып, тіпті үйірлі жылқы айдатып, ақ ордаға дейін сыйлап келген. Аталарымыздың сондай татулығы бүгінгі бізге үлкен өнеге. Сыйлы қонақтың иығына шапан жабу, астына ат мінгізу күні бүгінге дейін үрдісі үзілмей жеткен салт. Сыйлық беру татулықты бекіте түсетін жақсы дәстүр ретінде тұрмыс салттан күні бүгінге дейін жоғалмай келе жатыр.

Сыйлық беру асыл дініміз Исламда да кеінен айтылады. Алла Тағала Құран кәрімде «Бақара» сүресінің 264-аятында: «Уа иман келтіргендер! Берген садақаларыңды міндетсіну арқылы зая қылмаңдар» деп ескерткен. Яғни берген сыйлықты міндетсімей оны құрмет ретінде беру қажет деген.

Сыйлық беру туралы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) көптеген тағылымдар қалдырған. Алла Елшісінің (с.ғ.с) хадистерінде сыйлық және тарту-таралығы адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығынарттыра түседі деген.

Хадистерде:«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»деп сыйлықтың адады жақындата түсетін маңызы бар екендігін баяндайды.

Сонымен қатар «Сыйлық алмасыңдар, бір-бірлеріңе деген махаббаттарың артады» деп сыйлықты қабылдаудың мәнін түсіндіреді.

Сыйлық берудің түрлерімен маңызы жайлы: «Жейтін нəрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады» деген.

Сонымен қатар хал сұрасу, сыйлық берудің маңызы жайлы «Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады» деп адамдар бір біріне сыйлық берсе, сыйластығы нығаяды, ашуы тарқайды деп көрсеткен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешуақытта оған сыйға берілген затты сынамағандығы және иесіне кері қайтармағандығы баяндалады. Алла Елшісі (с.ғ.с) өз өмірінде сыйлықты мұсылманнан да, мұсылман еместен де, еркектен де, әйелден де қабыл алған. Бір хадисте: «Мені қойдың жамбас етін пісіріп шақырса да, сирағын асып шақырса да, жауап берер едім және сыйға тартылса, қабыл етер едім» деп сыйлықты кемсітуге үндеген. Тағы да бір хадисінде: «Шақырғанға жауап беріңдер және сыйлықты қайтармаңдар деген.

Сыйлық сыйланған кезде оған ризашылық білдіру әрбір мұсылманның міндеті ретінде қарау керек. Алғыс білдіру керектігі жайында пайғамбарымыз (с.ғ.с):«Кімде-кімге жақсылық жасалса, ол жақсылық жасаушыға: «Алла саған разы болсын деп айтса, мақтауды кемеліне келтіргені» деген болатын.

Әр адамның өзінің талғамына сәйкес сыйлықты таңдай білу керек.

Сыйлық сыйларда адамның талғамын оның қажетті затын дәл табуы – оның бауырына деген ниетін білдіреді. Сыйлықты алғанда бергенде дініне, ұлтына қарамау маңызды. «Алла сендерді өздеріңмен дін үшін соғыспаған және өз ата-мекендеріңнен қуманғандарға жақсылық жасаудан һәм оларға барынша әділ болудан тыймайды. Шүбәсіз, Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән беретіндерді жақсы көреді» деп хадистерде айтылған.

Қорыта айтқанда сыйлық беру мұсылмандарыдң ең бңр сүйікті ісі болуы керек. Сыйлық құрметті артырып, татулықты бекемдей түсетін асыл қасиетке ие. Сондықтан қолымызда бар болса сыйлық берейік.

 

МИРАС КӨКЕБАЕВ

ШҚО, АЛТАЙ АУДАНЫ

«АҚТАН» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ

Read 124 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…