«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

ТҮНДЕ ТЫРНАҚ АЛУҒА БОЛА МА?
Бейсенбі, 08 Шілде 2021 00:00

ТҮНДЕ ТЫРНАҚ АЛУҒА БОЛА МА?

Тырнақ алу – адам табиғатындағы негізгі қажеттіліктердің бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Шамадан тыс өсіп кеткен тырнақ микроптардың жиналатын ошағы. Сондықтан, деннің саулығы, гигиена тұрғысынан әрі дәрет және ғұсыл дұрыс орындалу үшін тырнақтардың астының таза болуы қажет.

Шариғат бойынша тек қана қажылық және ұмра құлшылығын өтеу барысында ихрам киіп жүрген кезде тырнақ алуға болмайды. Үлкендіріміздің «түнде тырнақ алма, жаман болады» деуі – бұрынғы кездері жарықтандырудың болмауына байланысты айтылған тыйым. Өйткені бабалырымыз тазалыққа ерекше мән берген. Ал түнде алынған тырнақтың әр жаққа ұшып, тіпті ішетін тамаққа да түсіп кетуі бек мүмкін. Сонымен қатар, тырнақ аламын деп жүріп, қолды жарақаттап алу да ғажап емес.

Кезінде Имам Ағзамның шәкірті Әбу Юсуфтан Харун ар-Рашид тырнақты түнде алуға болып-болмайтындығына қатысты не дейтінін сұраған кезде ол: – Болады,-дейді. Сонда Харун әр-Рашид: – Бұған қандай дәлелің бар?,-дегенде ол: – Пайғамбарымыз: «Жақсы істерді кешіктірмеңдер»,-деген» деп жауап берген екен.


https://kazislam.kz

Read 44 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…