«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

Қашанда қариялар қазыналы...
Дүйсенбі, 09 Қаңтар 2017 00:00

Қашанда қариялар қазыналы...

Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, айырықша құрметтеп келген. «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Қарты бар ел қашанда қазыналы. Қариялардан үйренер өнеге мен алар тәлім тәрбие мол. Шежірелі қарттар сарқылмас тәрбиенің қайнар бастауы.

Олардың әрбір ісінен жас буын өнеге алады. Қарттарымыз қиындығы мен күдірі мол өмірдің талай соқпақтарын жүріп өткен.

Қариялар береке-бірлік негізі. Қарты бар ауылдан ырыс пен берекет үзілмейді. Қарттар қай замандардан бері де айналасын берекеге, ынтымаққа  ұйыстырып келгені ақиқат.

 Ұлтымызда жастар қарт адамның алдын кесіп өтпеген. Батасын алатын болған. Қарттардың батасын алудың да өзіндік әдептері мен, ізеттілікке сай тұстары бар.

Асыл дініміз Исламда қарттарға құрмет етудің маңызы зор. Қарттарды сыйлау, үлкендерді құрметтеуге арналған көптеген тамаша ғибратты хадистер бар.

Ислам үлкенді сыйлауды, кішіге ізет етуді насихаттайды.

Атақты ислам ғалымдары  «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» дегн тағылымды сөз айтуы да осының айғағы болса керек.

 «Қарттарға құрмет және сияпат, Аллаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари) деген ізгі хадистер қалдырған. Бұл хадистер арқылы ғадым замандаран бері қарияларға деген құрметтің биік өлшемдерін көреміз.

 «Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..» (Бұхари) деуінің өзі қарттарға деген сый мен құрметтің жоғарғы болуын әййгілеп тұрғандығының белгісі. Қарттарда бір мейірім мен бір береке бар.

 Қариялардың кемеңгерлігімен данагөй қасиетін қазақ ауыз әдебиеті мен қоса ақын жыршыларда жырға арқау еткен.

...Арсыз күлкің тыйылмас жылауыңда,

Айтысыңда басылмас ылаңыңда.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда 

деп ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали жырлаған.

Асыл дініміз аманат еткен, Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиет еткен, халқымыздың сан ғасырлық тағылымдық дәстүрлі тәрбиесіне арқау болған қариялар қашанда құрметке лайық!  

Айдын Жортымов, Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы

Read 951 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…