«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

Еңбек түбі берекет
Сейсенбі, 10 Қаңтар 2017 00:00

Еңбек түбі берекет

    Қазақ халқы ежелден еңбекқор халық. Адал еңбектің арқасында ұрпаққа өлшеусіз байлық қалдырды. Қазақтың ғажайып қолөнері, өнер туындылар, киіз үйі, тұрмыс, салт бұйымдарының барлығы да ерен еңбек пен ғаламат шеберліктің жемісі. Ұлы Абай атамыз:

                   Бес нәрсеге асық бол...

             Талап еңбек, терең ой... деп бекер айтқан жоқ.  

       ....Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

           Қардың суы сықылды тез суалар,

    және

                 Еңбек етсең ерінбей,

                Тояды қарның тіленбей.

  деп Абай атамыз өз өлеңдерінде еңбектің қадір қасиетін, адамгершілік қағидалармен ұштастыра айтып өтті.  Яғни еңбек етудің пайдасына жете тоқталып, еңбектің маңызын насихаттаған.

    Халқымызда да еңбек туралы көптеген мақалдар мен мәтелдер дана сөздер бар.«Еңбектің малы-тәтті»,«Еңбек түбі-зейнет» деген дана халқымыз.Ұлтымыз бар байлық пен бақыт еңбекте деп көрген. Еңбектің маңызына аса терең тоқталған. Халқымыздың бай мұрасы, руханияты мен әдебиет,і өнері еңбектің арқасында келген.

      Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) еңбек етудің маңызы туралы тағылымды хадистер қалдырған. «Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда» деген пайғамбарымыз.  Алла Елшісі еңбек етуді жан-тәнімен сүйген. Еңбектің рыздығын бәрінен де жоғары қойған болатын. Ол үмбеттеріне еңбек етуді адал кәсіппен мал табу жоладарын уағыздады.

     «Қой бағыңдар, өйткені береке сонда» деген хадис бар. Алла Елшісі. (с.ғ.с)  Мұнда еңбекті талғамай жақсы-жаман демей түрлі кәсіптен несібе табуды насихаттаған. Еңбек ету  табандылықты, ерік жігерді қажет етеді. Сабырлылық пен төзімділік, адалдық адамға берекет сыйлайды. Адам сол арқылы  басқалардан биік сатыға көтеріле алатындығын Алла Елшісі (с.ғ.с) айтып кетті.

     Сонымен қатар Ұлы пайғамбарымыз (с.ғ.с).«Диқаншылықты кәсіп етіңдер, өйткені ол – берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер»! деп өсиет етті. Бұл да аса сабыр мен төзімді талап ететін еңбек. Егіншіліктің берекеті мен рыздығы туралы пайғамбарымыз(с.ғ.с)   осылай деді. Еңбек түбі берекет. Рыздық несібе, еңбекте. Еңбек ету арқылы рухани және материалдық кемелдікке жетеміз.  Еңбектің берекеті адалдық пен туралықта. Халқымыздың жасаған еңбегң берекетті болғай! 

Аманкелді Жарасов, Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы

Read 723 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…