«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢ ҚАНДАЙ ?
Бейсенбі, 12 Қаңтар 2017 00:00

СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢ ҚАНДАЙ ?

Мүминнің үш қасиеті бар: Намазын қаза жібермейді, оразасын ұстайды, мал-дүние зекетін береді.

Жақсы адамның үш қасиеті бар: Құлшылығын ықыласпен орындайды, күнәдан сақ жүреді, қастыққа достық қылады.

Пейілі түзу адамның үш қасиеті бар: Алладан ұялады, қияметтің азабынан қорқады, күнәлі істерге жоламайды.

Шын жомарттың үш белгісі бар: Қолы ашық келеді, бөтенді жатырқамайды, қонағын жақсы күтеді.

Бақыттының үш белгісі бар: Адал ас ішеді,шын-шыл адамдармен араласады, намазды жамағатпен оқиды.

Ғұламаның үш қасиеті бар: Ақиқатты айтады, харамнан қашады, дін үшін қызмет етеді.

Ақылдының үш қасиеті бар: Дүниеге қызықпайды, барға қанағат етеді, қиыншылыққа сабыр сақтайды.

Ақымақтың үш белгісі бар: Аллаға мойынсұнбайды, ғайбат айтады, өтірік көлгірсиді.

Рақымсыздықтың үш белгісі бар: Нашарларға жәрдемдеспейді, барға қанағат қылмайды, насихат тыңдамайды.

Екіжүздінің үш белгісі бар: Жалған сөйлейді, уәдесінде тұрмайды, аманатқа қиянат жасайды.

Залымның үш белгісі бар: Адамдарға зәбір көрсетеді, өзінен зорға жалтақтайды, жұрттың нәпақасын жейді.

Орашолақтың үш белгісі бар: Ғибадатын қысқа қайырады, намаздың уақытын кешіктіреді, құлшылығын кемшін орындайды.

Read 746 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…