«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

КӨЗ ТИЮДЕН САҚТАНУДЫҢ 7 ЖОЛЫ
Дүйсенбі, 20 Ақпан 2017 00:00

КӨЗ ТИЮДЕН САҚТАНУДЫҢ 7 ЖОЛЫ

Көз тию мәселесіне қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Көз тию - ақиқат, бар нәрсе”, - деген.

Көз тию көбінесе, күншілдік, көреалмаушылық, қызғаныш сезімдерінің кесірінен болады. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.): “Расулуллаһ (с.а.у.):

-       Мүминдердің абзалы – жүрегі таза, тілі шыншыл болған мүмин, - деді. Адамдар:

-       Таза жүрек қандай болады? - деп сұрағанда, Ол (с.а.у.):

-       Тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншіл болмаған жүрек, - деді.

-       Ондай жүректің иесі кім?

-       Дүниені ұмытып, ақыретті қалағандар.

-       Одан кейін кім?

-       Мінез-құлығы жақсы болған мүмин”, - деді.

Көреалмаушылық қатты қызығу немесе қызғану сезімдерінен туындайды. Өмірде қызғана қарағанның нәтижесінде көз тию себебінен өсімдік, жануар, тіпті адам да мерт болатын жағдайлар кездеседі.

Көз тиюден сақтанудың жолдары:

1. Әрдайым дұғада жүріп, "Фәлақ", "Нәс" сүрелерін жиі оқу. Көз тиюден қауіптенген жағдайда Пайғамбарымыздың (с.а.у.): “Кімде-кім өзінен, мал-дүниесінен немесе бауырынан өзіне ұнаған нәрсені көрсе, оның берекелі болуын тілесін. Себебі көз тию – ақиқат, бар нәрсе”, - дегеніне сай әрдайым өзі, малы, жақын адамдары үшін береке тілеу.

2. “Көз тиеді” деп қауіптенген нәрсені жасыру. 

3. Жақсылығыңды көре алмаушының қызғанышына сабыр ету. Ол жайында біреулерге шағымданбау және әңгіме етпеу.

4. Аллаға тәуекел ету. Көз тиюден сақтану мақсатында Алла Тағаланы өзіне қорғаныш ету.

5. Көп садақа беріп, игі амал істеу. Жақсы амалдарды көп істеу – көз тиюге қарсы керемет тосқауыл.

6. Көреалмаушының қызғанышына жақсылықпен жауап беру.

7. Көреалмаушының қызғанышын елемеу және көз тиюден қорықпау. Ғалымдардың пікірінше, бұл – көз тиюге қарсы ең күшті қару. 

islam.kz

Read 734 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
«ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?

Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз…

ЖАЛҒА АЛҒАН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛА МА?

Жалдау – пайдаланған мүлік үшін ақы беру келісімшарты (Хашияту ибн Абидин, 9/6-7. Әл-Кәсәни. Бәдәи әс-санайғ,…

ЗЕКЕТТІ МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Зекеттің қасиетті Құранда сегіз орынға берілетіндігі жайында былай деп айтылған: «Ақиқатында, (парыз етілген) садақалар (зекет…

ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?

Йога – психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…