«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

БІЗ ТУРАЛЫ

Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешіті

Мешіт  құрылысы 2009 жы­лы басталып  23 тамыз 2012 жылы ашылды. Мешіттің жалпы аумағы 1,9 га. Дәстүрлі қазақ оюлары мен өрнекті элементтері классикалық Ислам стилінде орын алған. Мешіт 5 қабаттан тұрады. Меккеге бағытталған михрабы мен дұға оқитын дәлізі мешіттің ең керемет сәулетті композициясы. Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың ғұмырын бейнелейтін 63 м биіктікке самғаған 4 мұнарасы бар. Ішкі күмбез биіктігі 24 м. Күн нұрына шағылысқан  6 күмбез мешіттің еңсесін көтеріп тұр.

Басты күмбез биіктігі 45,4 метр. Тот баспайтын құрыш парағы және ерекше көгілдір реңдегі шаңдаған плиткалы жазба тізіліммен жасалынған геометриялық және өсімдік өрнектес. Сыйымдылығы 3000 орын. 500 орындық хатымхана, әйелдер мен ер адамдарға арналған намаз оқу дәліздері, дәрет алу орны, оқу дәлізі бар кітапханасы бар. Неке қиюға және сүннеттеуге арналған бөлмелер әрі санитарлық – гигеналық бөлмелер жеке блокпен қарастырылған. Намаз оқу дәлізіне кіре берісте вестибюлді холл орналасқан. Жылдамдығы 1,0 м/с, 1000 кг дейінгі жүк көтеретін екі жолаушылар лифтісі орналасқан. Ғимараттың бас қасбеті алдында биіктігі 4,68 м. стиболат, автотұрақ және тұрғындардың дәрменсіз тобына арналған пандус орналасқан. Мешіт пен мұнара қабырғалары жауық қызыл түсті гранитпен қапталған. Баспалдақтары мен кіре беріс қоршаулары қоңырмен шаңдатылған қара жол қоладан тұратын металды жабындылар. Кермелер мен терезелер қоңыр түсті металлопластиктен әзірленген. Барлық есіктер еменнің бағалы тұқымының ауқымынан жасалынған. Балкондарды қосқанда төселген кілемдердің жалпы ауданы 4000 шаршы метр, басты дәліз кілемдерінің ауданы – 2500 метр. 56 қабырға шамы, 24 балкон шамы, 5 төбе шамы және бір орталық аспашам орнатылды. Оның биіктігі 7 метр, диаметрі 5 мм. Барлық аспашамдар жездің жеңіл қоспасы мен таза хрустальдан жасалынған.

Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…