wrapper

Әууабин намазының аты «әууаб» сөзінен шыққан. «Әууаб» сөзі «тәубе қылушы, жалбарынушы» деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан Алла елшісі (с.а.с.) бұл намазды «тәубеге келіп, Аллаға жалбарынғандардың намазы» деген.

Әууабин – нәпіл намаз. Оны оқудың үкімі – мұстахап. Оқылатын уақыты ақшам намазынан кейін басталып құптанға дейін жалғасады.  Намаз алты рәкаттан тұрады. Алты рәкатын бірден оқып соңында бір сәлеммен аяқтауға болатыны секілді, екі-екі рәкаттан үшке бөліп оқуға да болады. Бұл намаздың сауабының молдығы турасында Алла елшісі (с.а.с.): «Кім ақшам намазынан кейін жаман сөз айтпастан алты рәкат (әууабин намазын) оқыса, оған он екі жыл намаз оқығандай сауап жазылады», (Тирмизи, Сүнән) – деген. 

Алау Әділбаев


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk