wrapper

Әйел адам хайыз бен нифас күндерінде намаз оқымайды және ораза ұстамайды. Өйткені хайыз (белгілі күндерде) бен нифас (яғни босанғаннан кейін ең көбі 40 күн қан келу) кезінде ораза ұстау ─ харам. Рамазан айында ораза ұстап жүріп күндіз етеккір көре бастаса яки босанса сол мезеттен бастап оразасы бұзылады. Алайда кейін ораза ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Тек намаздарының қазасы ғана өтелмейді. Бір риуаятта Муаз (р.а.):

«Мен Айша анамыздан (р.а.) хайыз көрген әйелдің неге оразасының қазасын өтеп, намазын өтемейтіндігінің себебін сұрадым. Ол «Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында осындай жағдайларға тап болғанымызда Ол (с.ғ.с.) тек қана оразаның қарызын өтеу керектігін айтатын, ал намаз жайлы ештеңе демейтін» деп жауап берді»[1] дейді. Бұл шариғатымыздың әйелдерге деген жеңілдігі болып табылады.

[1] Әбу Дәууд, Таһарат, 104; Нәсәи, Хайыз, 17; Ахмәд ибн Ханбәл, 6/32.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk