wrapper

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Намазды тауыққа және итке ұқсап оқымаңдар», – деген. Бірақ ҚМДБ-ның «Намаз оқып үйренейік» деген кітапшасында «қыз бала сәждеге барғанда бiлек пен шынтақтарын толық жерге қояды деп» жазылған? Сонда «итке немесе тауыққа ұқсап оқымаңдар» деген хадис тек ер адамдарға ғана айтылған ба? Осының мәнін ашып берсеңіздер. Рахмет! Алла разы болсын! Нұрсәуле Әлімжан

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу!

Аса қадірменді Нұрсәуле ханым, әйел баласының намаздағы әрекеттері жинақылыққа негізделген. Әйелдің намазда жинақы болуы – сүннет[1]. Өйткені, әйелдің намазы жайында келтірілген хадистер әйелге сай жинақылықты көздейді. Сондықтан да, олар сәждеге барғанда білектерін жерге тигізеді де[2], шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды[3].

Бұл жайында Язид бин Аби Хабиб былай дейді: «Алланың Елшісі (с.а.у.) намаз оқып жатқан екі әйелдің қасынан өтіп бара жатып оларға: «Сәждеге барғандарыңда білектеріңді жерге тигізіңдер. Шындығында, сәждеде әйел баласы, ер кісілерге ұқсамайды», – деді»[4].

Ал сіз айтқан хадис тек ер кісілерге айтылған дүние, оның әйелдерге қатысы жоқ.

[1] Абдуль Хамид Тохмаз: әл фиқһуль ханафи фи саубиһиль жадид – 1/223 бет. Дамаск
[2] Әл Кәсәни, Бадайғ – 2/62 бет.
[3] Н.Сайлауұлы, Е.Ыбырайымұлы: Намаз оқып үйренейік – 32 бет. Алматы-Көкжиек.
[4] Әбу Дауд, Марасил – 118 бет.; Байхақи – 2/223.+
Абдусамат Қасым

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk