wrapper

Ханафи мәзһабы бойынша,  имамға ұйыған адам  тек қысқа дұғаларды ғана іштей оқып, Құран сүрелерін тыңдап тұрады. Күндізгі намаздарда имам Құранды іштей оқыса да, үндемей ұйып тұрады[1]. Бұған мына хадис дәлел бола алады:

عن عمران بن حصين قال: صلى بنا رسول الله – صلى الله عليه وسلم- صلاة الظهر او العصر، فقال "ايكم قرأ خلفي بسبح اسم ربك الاعلى" فقال رجل: "انا ولم ارد بها الا خيرا. قال "علمت ان بعضكم خالجنيها". رواه مسلم

Сахаба Имран бин Хусайн былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге бесінде ме, жоқ, екінті де ме, имамдыққа шығып, намаз оқытты. Намаздан кейін бізге қарап: «Қайсың артымда тұрып «Сәббихисма Раббикаль әълә» дедіңдер?» – деп сұрады. Ұйюшы адамдардың бірі: «Мен едім, бірақ жаман ойым болған жоқ», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қайсы менімен жарысып жатыр деп ойлап қалдым»[2], – дейді өзгелердің имаммен таласып оқып тұруын дұрыс көрмей.+

Сондай-ақ, сахаба Ибн Омар (р.а.): «Кімде кім намазда имамға ұйитын болса, (құран сүрелерін) имамның оқуы жеткілікті. Ал намазды өзі жеке оқитын болса, (құран сүрелерін) оқысын!»[3], – деген.

[1] Абдуль Хамид Тухмаз, Әл Фиқһуль Ханафи фи саубихиль жадид: 1-том, 271 бет
[2] Сахих Муслим – 398.
[3] Малик, Тирмизи риуаят еткен.
Абдусамат Қасым

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk