Print this page

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-нің сенімді серігі, соғыста бір өзі мыңға татыған батыр, ел билеуде өте әділ Халифа болған Омар ибн Хаттабтың (Оған Алла разы болсын!) өмірі өнегеге толы. Кейінгіге қалдырған өсиеті де қияметке дейін өз мәнін жоймайды десек артық емес. Назарларыңызға Омардан (р.а.) жеткен асыл сөздердің бір парасын ұсынамыз.

Кімнің күлкісі көбейсе-айбаты азаяды;

Кім көп қалжыңдаса-абыройы азаяды;

Кім бір әрекетті көп қайталаса-сонымен танымал болады;

Кімнің сөзі көбейсе-қатесі көбейеді;

Қатесі көбейгеннің-ұяты азаяды;

Ұяты азайғанның-тақуалығы азаяды;

Тақуалығы азайғанның-жүрегі өледі.

Өйткені күлкі кісінің ақыреттен бейхабар екендігін көрсетеді…

Дайындаған : Амантай Тойшыбайұлы

elana.kz