Cахаба Мұғаз ибн Жәбәл ғылымды үйрету мен үйрену турасында былай деп айтқан екен:
– Ғылым үйреніңдер! Расанда, Алла үшін ғылым үйрену – тақуалық. Оны талап ету – құлшылық.
Ғылымды оқу – Алланы зікірету.
Ғылымды іздеу – жиһад.
Ғылымды білмейтін адамға үйрету – садақа.
Ғылымды лайық адамға беру – Аллаға жақындау.
Ғылым жалғыздық кездегі – жаныңдағы серігің, жолүстінде жолдасың, қуаныш пен қайғы кезде ортағың, қиын қезде демеушің, жат жерде жүргенде – бауырың және жәннат жолындағы шамшырақ. Алла ғылымның арқасында пендесін – елді көркейтетін, басқаларды соңынан ерітетін көшбасшы әрі тура жолды көрсетуші мырза етеді.