wrapper

Сырым  бір    жылы Орта жүзге барғанда Балаби шешенге кез келеді. Сырым мен Балаби екеуі көп әңгімелеседі.

Балаби: «Сіз ағайынды нешеу едіңіз?»—дейді.

Сырым: «Мен ағайынды екеумін»,— дейді.

Балаби: — Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік»,— дейді.

Сырым: — «Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенмін рас, бірақ та олардың маған далада қанша керегі бар, менің ағайынды екеумін — біреуі өзім, екіншісі — көпшілік халқым еді»,— дейді.

Балаби: «Үгітті, ақылды қандай адамға айту керек?»— дейді.

Сырым: «Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айту керек»,— дейді.

Балаби: «Ат пен ер қандай жерде, не үшін шабады?»— дейді. Сырым: «Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады»,— дейді.

Балаби: «Дүниеде не тәтті?» — дейді.

Сырым: «Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті»,— дейді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk