wrapper

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадис шәрифінде: «Кім өш алуға шамасы жетіп тұрып ашуын басса, Алла тағала оның қалыбын қиямет күні өзінің ризалығымен толтырады» – деген. Алла тағаланың ризалығына жету бұл дүниенің қиыншылығына сабыр қылумен ғана болады. Алла тағаланың пенделері әр уақытта өздерінің істеген істерімен, сөйлеген сөздерімен кейінгілерге үлгі болып, өнеге көрсетіп отырған. Үш нәрсе жаннаттықтардың мінездерінен. Саған зұлымдық істеген адамды кешіру, саған ешнәрсе бермеген адамға беру және саған жамандық істеген адамға жақсылық істеу. Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) Кешірімді бол, жақсылыққа бұйыр және надандардан бет бұр», («Ағраф» сүресі, 199-аят) - дейді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk