Ибраһим ибн Əдһам жүзінен қайғы мен қамның ізі байқалатын кісінің тұсынан өтеді. Дереу əлгі кісінің тұсына қайта келіп: -"Саған қояр үш сұрағым бар. Жауап бересің бе?"
- Иə. Жауап берейін.
- Мына əлемде Алла Тағаланың қалауынсыз қандай да бір істің жүзеге асуы мүмкін бе?
- Жоқ! Олай болуы мүмкін емес.
- Сенің белгіленіп қойылған ажал-уақытыңның бір сəт кемуі мүмкін бе?
- Жоқ. Ол да мүмкін емес.
- Алланың маңдайыңа жазып қойған ырыздықтың жазылып қойғанынан кемуі мүмкін бе?
- Жоқ. Ол да мүмкін емес.
- Олай болса неге мазаң кетіп, қам жеп жүрсің?
Түйін: Алла Тағаланың жазған тағдырына ризалық таныту мұсылман кісінің көңілін тынышталдырады. Қайғысын жеңілдетіп, уайымын азайтады. Алла Тағала сіз бен бізге жазылғанға ризалық көрсетуімізді нəсіп етсін!