wrapper

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Дұға – мүміннің қаруы, діннің тірегі, көк пен жердің нұры». Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» [2:186]. Негізі, дұға қабыл болатын кездер бар, мүміндерге осы уақыттарды жібермеуге тырысу керек. Төменде дұға барынша қабыл болатын кездерді келтіріп өтеміз:


1. Түннің үштен бірінде;

2. Ораза кезінде;

3. Екінті мен ақшам намаздарының арасында;

4. Ауыз ашардың алдында;

5. Жұма күні;

6. Азан мен қаматтың арасында;

7. Құран оқыған соң;

8. Қадір түнінде;

9. Жаңбыр жауып тұрғанда;

10. Сондай-ақ, дұға парыз намаздардан соң және ислам дініндегі аса маңызды күндерде қабыл болады. Бұл күндер: Ережеп айының 1-ші күні, Шағбан айының 15-ші жұлдызы, Ораза айттың 1-ші күні және Арафа күні.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk