wrapper

Алыс бір елде әділ қазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір дана күлше нан ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсын мойындап: «Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым», - дейді мойны салбырап.


Қазы: «Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек», - дейді де: «Жағдайыңа байланысты саған 10 дирһам айыппұл салынады. Алайда төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін», - дейді.

Жиналған қауым таңданыс толы жанарларымен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирһам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып: «Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирһамнан айыппұл салынады» - дейді. Лезде мәжілістен 450 дирһам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге бергізеді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk