wrapper

Ибраһим (ғ.с.)  пайғамбардың ұлы Ысмайыл (ғ.с.)  алыста жүріп үйленіпті. Әкесі мұны естіп, ұлын іздеп келіпті. Келсе, үйде ұлы жоқ, келіні атасын есік алдынан қарсы алады. Келіншек үйіне келіп тұрған өзінің қайын атасы екенін, әрине, білмейді. Ыстық күнде жолдан шаршап, шөлдеп келіп отырған қарияға үйге кіріңіз, сусын ішіңіз деген сынды ізет білдірмейді. Пайғамбар (ғ.с.)  одан тұрмыс жағдайын сұрайды. Сол кезде келіншек тұрмыстың ауыр екенін, күйеуінің көл-көсір дүние таппайтынын «жыр» етіп  айтады. Жағдайды бағамдаған  қария аттанарда:

– Күйеуің келгенде оған айт. Үйінің босағасын ауыстырсын, сол кезде тұрмысы түзеледі, - депті. Сөз мәнін түсінбейтін ақылсыз әйел күйеуіне көрген-білгенін түк қалдырмай айтып береді. Ысмайыл (ғ.с.)  келіп кеткен өзінің әкесі екенін, оның келініне көңілі толмай, ренжіп қайтқанын түсінеді. Үйдің босағасын ауыстыр дегені – әйеліңді ауыстыр дегені екенін де біледі...

Келесі жылы Ибраһим (ғ.с.)  пайғамбар баласын қайта іздеп келеді. Баласы тағы да үйде жоқ екен. Бұл жолы үйден басқа келіншек шығады. Жол соғып қалжыратқан қарияны төріне отырғызып,  сыйлап күтеді. Тұрмыс-тіршілігі жайлы сұрақтарына: «Құдайға шүкір, Аллаһтың бұйыртқаны болып жатыр», - деген сынды жауабын береді. Күйеуінің қандай адам екенін сұрағанда, оның иманды адал азамат екенін айтып, ризалығын білдіреді. Ибраһим (ғ.с.)   пайғамбар аттанарда:

– Күйеуіңе сәлем айт, үйдің босағасын берік ұстасын, - деп қайтып кетеді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk