- Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың, тәрбие көргендiгiң көрiнiп тұр.
Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң сен екi дүниеде де бақыт табасың, - дейдi.
- Айта қойыңыз.
- Айтсам сол - қазiр Мұхаммед деген бiреу шығып, өзiн пайғамбар деп жариялап, ата-баба дiнiн, жолын тәрк етiп, жаман ырым бастап жүр дейдi.
Сен соған iлесуден сақтан. Бiздiң заманымыздың ең қиын мәселесi осы болып тұр. Байқа, сақтан, - дейдi. Сол кезде Пайғамбарымыз:
- Шешей, сол айтқан Мұхаммедiңiз мен ғой, - дептi жымиып. Әйел аң-таң.
- Егер расында сол адам сен болсаң, онда мен саған сендiм. Сен насихаттаған дiнге ердiм, - деп Аллаһқа иман келтiрiптi.
Пайғамбарымыз әр мұсылманға өз дiнiн өзгелерге көркем мiнезi арқылы насихаттауын өсиет еткен.
Авторы: Пернегүл Үсенова