wrapper

Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

- Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады?, – деп сұрапты.

- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі – арнайы қонақ, екіншісі – құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

- Ал оны қалай айырамыз?, – дегенде:

- Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң. Міне, бұл - нағыз сыйлы қонағың. 

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл - нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл – нағыз құр жүрген қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл - нағыз сұғанақ қонағың, - депті, көпті көрген көне би Төленді қарт. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk