Cахаба Мұғаз ибн Жәбәлдің тағылым беру мен үйрену турасында былай депті:
– Ғылым үйреніңіздер! Рас, Алла үшін ғылым үйрену – тақуалық. Оны талап ету – құлшылық.
Ғылымды оқу – Алланы зікір ету, ғылымды іздеу – жиһад, ғылымды білмейтін адамға үйрету – садақа беру, ғылымды лайық адамға беру – Аллаға жақындау.
Ғылым жалғыздық кездегі – жаныңдағы серігің, жол үстіндегі жолдасың, қуаныш пен қайғы кезіңдегі ортағың, қиын қыстаудағы демеушің, жат жерде жүргенде – бауырың, жәннат жолындағы шам шырақ.
Алла ғылымның арқасында пендесін – елді өсіретін әрі басқаларды соңынан ерітетін көшбасшы етеді. Тура жолды көрсетуші мырза етеді».