wrapper

Мұсылман - мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман, бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады.


Мұсылман - мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі және қаны өзге мұсылмандарға харам.

Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе, Алла тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла тағала да оған жәрдем етуін жалғастыра береді.

Мұсылманның діндес бауырының алдында бес міндеті бар: Сәлемдесу, науқастың көңілін сұрау, жаназаға қатысу, шақырған жерден қалмау және түшкіргенге "ярһамука Аллаһу" деп айту.

Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санап, менсінбеуден өткен жамандық жоқ.

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk