wrapper

Әр жанұяның алтын бесігі, аялы ордасы ол отбасы екендігі  

даусыз. Қазақта  «Отан отбасынан басталады» деген ғибратты сөз бар.Отан дегеніміздің өзі сан жүздеген, мыңдаған отбасылардан құралатындығын осыдан біле аламыз.

 Ұлтымызда ежелден отбасының тірегі ер азамат болып саналады. Ер адам өз отбасының алдында жауапты болып келген. Қазақ халқы отбасының беріктігіне аса мән берген. Отбасы берік болса отанның тыныштығы мызғымайды деп білген. Сол үшін отбсын сақтау, оның құндылықтарын қастерлеу ғасырлар бойы ұлықталып, бүгінге сарапталып жеткен. Отбасын берік ұстау, бала шағасына, әйеліне қамқор болу ер азаматтың басты парызы ретінде бекітілген.  

 Алла Елшісі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: « Ер кiсi отбасының бақташысы. Сондықтан да ол қол астындағыларға жауапты », — деп, ер азаматтың орынын нақтылаған.  

 Сонымен қатар ерлермен бірге Алла Тағала қасиетті Құранда «Ерлердің әйелдердегі хақылары сияқты, әйелдердің де ерлерінде белгілі хақылары бар» деп әмір еткен.

Пайғамбарымыз өз хадистерінде  (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, әйелдерiңнiң сендердiң алдында және сендердiң әйелдерiңнiң алдында тиiстi мiндеттерiң бар» деп өсиет етті. 

 Жер бетіндег ең алғашқы отбасы Адам ата мен Хауа ана болғандығы белігілі. «Ағраф» сүресі, 7-аятында Алла Тағала: «Сендерді бір адамнан жаратқан да, әрі көңілі жай табуы үшін оған жұбай сыйлаған да Алла» деп, үкім еткен.

 Муғауия ибн Хайдадан жеткен хадистерде:Ол айтады (р.а.): «Мен: «Уа, Алла Елшісі! Әйелдерiмiзге қатысты бiзге не нәрсе мiндеттелiндi?» – деп сұрағанымда, ардақты пайғамбарымыз: (с.ғ.с.): «Өзiң жегенiңнен жегiзу, өзiң кигенiңдi кигiзу. Және оның бетiнен ұрма, сондай-ақ балағаттап жаман сөз айтпа! Үйiңнен тыс орында дауысыңды көтерiп ұрыспа!» деп жауап қатты дейді. Міне бұл да, ерлердің әйелдің алдындағы ер адамның міндеттері болып табылады.

 Алла Елшісі өз хадистерінде (с.ғ.с.): «Әйел бес мезгіл намазын оқыса, оразасын тұтса, өзінің ар-намысын қорғаса және еріне бағынған жағдайда оған: «жұмаққа қалаған есіктен кір» деп айтылады», – деп өсиет еткен.

Қасиетті Құранкәрімнің Ниса сүресінің 34-аятында «Жақсы әйелдер, Аллаға мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Алланың көмегімен қорғайды» деп бұйырған.

 Хадистерде «Ері мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен қараса, Алла Тағала да оларға сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарайды» делінген.

Отбасы берік, босағасы бекем болу үшін ері мен әйеі бір біріне тек мейріммен қарап, өз міндеттеріне адал болу керек.

Аманкелді Жарасов

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

«Байжігіт баба» мешітінің бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk