wrapper

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретттің бастамасымен Астанада «II Республикалық имамдар форумы» өтті. Бұл жолғы форум дін саласындағы түйткілдердің түйінін тарқатқан үлкен келелі бас қосу болды.

Форумда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет баяндамасында:

«Тұжырымдамада дін қызметкерлерінің яғни Бас имам, наиб имам, ұстаз, молда, азаншылардың лауазымдық міндеті мен мәртебесі айқындалды. Бұдан былай дін мамандары жоғары лауазымды қызметтерге кезең-кезеңімен сатылап тағайындалатын болады» деп, бұдан арғы имамдық қызметке тағайындалудың кезеңдерін атап көрсетті. Бұл өз кезегінде имамдардың біліміне қарай сұрыпталуын, алдыңғы қатарлы зияткер имамдарымыздың тобының қалыптасуына жол ашатын болады.

Қазіргі таңда ҚМДБ және  имамдар жаңа бастамалармен қызмет атқарып, әртүрлі бағыттағы шараларға бастамашы болып келеді. Бұл туралы Бас мүфти хазірет өз баяндамасында жан-жақты тоқталды.

«Өйткені, имам қызметі тек бес уақыт намазға имамдық етумен шектелмейді. Имамның уағыз айту, діни рәсімдерді атқару, мешітке келген әрбір жамағаттың сұрағына жауап беру, рухани іс-шараларды ұйымдастыру сынды өзіне жүктелген жауапкершілігі жоғары мол жұмыстары бар» деп, имамдық қызметтің аясы жайлы және имамдарға жүктелетін міндет туралы айтып өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық қүндылықтарды насихаттауда имамдардың рөлі ерекше. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтаудың маңызы айырықша болып отыр. Бұл кері ағымдардан сақтануда аса маңызға ие.

Халқымыз салт-санаға аса бай. Ғасырлар бойы қалыптасқан , замандар сынынан өткен рухани мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау қазіргі таңда имамдарымыздың келелі міндетіне айналды.

Дін мен дәстүр егіз ұғымдар. Рухани құндылықтар мен ұлттық болмыстың өзегі - дәстүрімізде.

Имамдар форумында осы мәселе кеңінен қозғалып, Тұжырымдама қабылданды.

Осы құжат имамдарымыздың қызметін одан ары жетілдіруде маңызға ие. Имамдар қауымы осы Тұжырымдама мен Үндеуді халыққа насихаттау аса қажет деп санаймын.

Дәулет қажы Қабидолдин

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk