wrapper

Қазақтың жыраулары мен шешендерінің жыр, термелерінде өмірге деген көзқарас, адалдық пен имандылық жеріне жете жырланады. Шешендер өз сөздерін мәнерлеп, тың ойлармен байытып, дәстүрмен және дәстүрлі исламмен байланыстыра жеткізген. Оны жыраулардың төгілген терме,толғауларынан байқай аламыз.

Бұқар жырау заманынад үш жүздің басын қосқан әйгілі Абылай ханға кеңесші болған шешен сөз иесі, білгірі. Бізге жеткен Бұқар жыраудың әдеби мұрасы  түйінді ойлар мен кесімді сөздерге толы. Сонымен қатар жыраудың бірқатар толғаулары асыл дінімізді насихаттауға арналған. Бұқардың «Бірінші тілек тілеңіз» аты толғауында  діни толғамдармен  имандылыққа шақыру көзқарасы жырланады.

«Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа» деп батстайды, Мұндағы «Бір Аллаға жазбасқа» дегені күнә жасамау деген астарлы мағынаға сай келіп тұр. Қазақ баласы «Аллаға не жаздым?» деп, қиналғанда өз өзіне сұрақ қоятын болған.  Бұл жерде жырау Бір Аллаға деген сенімді нақты көрсетіп тұр. Және «Бірінші тілек...» деп сөздің басында айтуы да тегін емес болса керек.

Екінші тілек тілеңіз,

Ер, шұғыл, пасық, залымның

Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкілсіз көйлек кимеске деп жалғасырады. Мұнда үшкіл көйлек дегені кебін деген мағынада. Бір сөзбен айтқанда Бұқар жырау амандық тілеу туралы осы үшінші тілегінде айтады.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа-деп мұсылман баласының бес парызына терең тоқаталады. Бұған қарағанда Бұқар жырау атамыздың исламдағы бес парызды ұстанған адам болғандығын байқауға болады. Сонымен қатар мұсылмандық парызды ұстаумен бірге оны халқына тамаша насихаттай білгендігін көреміз.

Алтыншы тілек тілеңіз,

Алпыс басты ақ орда,

Ардақтаған аяулың

Күнінде біреуге

Тегіннен-тегін олжа болмасқа деп бейбітшілікті жырға қосса,

Тоғызыншы тілек тілеңіз,

Төреңіз тақтан таймасқа,

Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа таяу бармасқа-деп қарт адамдарға ұрпағы тарапынан құрмет көрсету және қарттарға тән салауаттылық болу керектігін айтады. Жырау осылайша Ұлы Жаратушы Алладан тілейтін басты тілектерді осылай тізбектей жырлайды.

 Қорыта айтқанда, Бұқар жыраудың жырында тәрбиелік имандылық сарындары басым болғандықтан тағылымдық маңызы ерекше.

Бауыржан қажы Нығызбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен орталық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk