wrapper

Құранның әрбір сүрелері өзіндік қасиетке ие. Олардың Алла Елшісіне (с.ғ.с) түсу мерзімі мен уақытына қарай өзіндік сыры мен тарихы бар.

Әрбір сүре қанша зерттелсе де, әлі де толық ашылмаған құпияға толы екендігі күні бүгінге дейін айтылуда. Талай ғалымдар Алланың сөзін зерттеумен өмірін өткізсе де, қасиетті Құранда құпия әліде көп. Құрандағы тылсым сырға толы сүрелердің бірі-«Бақара»  сүресі.

Бұл сүресін оқу туралы және маңыздылығы жайлы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген екен: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді». Демек, бұл сүренің маңыздылығы мен басымдылығы оның адамды аздырушы шайтанға жол бермеуінде жатса керек. (Ахмад, Муслим).

Ислам ғұламаларының аталаған сүре туралы танымдық ойларын жалғастырсақ: Ибн Масғұд (р.а): «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят» деп,  әйгілі сүренің маңыздылығын  саралаған.

Хадистерді парақтасақ: «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті». (Бұхари) деп, дәйектер келтірген. Бір сөзбен айтқанда , «Бақараны» оқу барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа да ғалымдар  «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.

 Сонымен қатар «Бақара сүресін оқыған адамға жаннатта бір тәж кигізіледі» деген.(Бәйһақи)

 Хадистерде:«Барлық нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Түнде оқылатын болса үш түн, күндіз оқылатын болса үш күн ол үйге шайтан келе алмайды» деген.  (Әбу Йала, Табарани)

Және де «Бақара сүресінің әр аятымен сексен періште түскен. “Аллаһу ла илаһа илла һуәл Хаййул қаййум” Аршы аланың қабатынан шығарылып жеткен» делінеді. (И. Ахмед)

 Бұған қарағанда аталған сүренің қасиетінің шексіздігіне көз жеткіземіз.

 Сонымен бірге мұнда «Аятәл күрсидің» маңыздылығы айтылған.ислам ғалымдары:«Құран сүрелерінің абзалы – «Бақара» сүресі. «Бақара» сүресінің аяттарының ең үлкені – Аятәл күрси. Шайтан «Бақара» сүресі оқылғанын естіген үйден шығып кетеді» (Рамуз) деген.

 «Жындардың қанішерлеріне Бақара сүресіндегі мына екі аяттан қатты тиетін нәрсе жоқ. “Уә илаһукум илаһун уахидун”-нен басталатын екі аят» деп «Бақара» сүресінің зиянды жындардан қорғайтын қасиетін айтқан. (Дәйләми)

 Сондай-ақ «Бақараның қасиеті Алла Елшісі (с.ғ.с) пайғамбарымызға Миғражда берілген үш ерекшеліктің қатарында екендігі белігілі. Олар:

1. Бес уақыт намаз,

2. Әмәнәррасулу аяттары,

3. Ширк қоспай өлгендердің күнәларына шапағат ету құқығы, деп белгіленген. (Абдуллаһ ибн Мәсуд)

 Сондықтан аталған сүренің тағылымдықа маңызы айырықша. 

Ибраһим қажы Қарнақбайұлы

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

«Мұхамади» мешітінің бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk