wrapper

«Мұсылман басқа бір мұсылманға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді»

Сұрақ: Мұсылман реніш пен жәбірлеуге қалай әрекет етуі керек?
Жауап: Егер бізді ренжіткен немесе тіл тигізген адамға жауап қайтармасақ, онда мұның қарызын ақиретте ала аламыз. Егер біз шайтанның азғыруына беріліп, бізді ренжіткен адамға айтқан сөздерінен зор нәрсені айтып тіл тигізер болсақ, онда ақиретте қарсыласымыз бізден қарызын алады, өйткені біз оған көп мөлшерде тіл тигіздік. Бірақ егер біз сол мөлшерде жауап қайтарар болсақ, онда біз өз құқығымызды өтеген болып саналамыз. Алайда бұл жағдайда бізге әлдекімге тіл тигізу тыйымы салынады.  

Мейлі бірінші болып тіл тигізсін, мейлі қарсыласына жауап қайтарған болса да, мұсылманның мұсылманға тіл тигізуі харам болып табылады. Өзінің бауырына бірінші болып тіл тигізген адам «үлкен» күнә жасаған болып саналады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылманға анықтама бере отырып, былай айтқаны келтірілген: «Мұсылман басқа бір мұсылманға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді» (Рийадус-Салихин, 211).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистердің бірінде былай айтқан «мұсылманға тіл тигізу» адамды оның оқыған намазына, ұстаған оразасына және басқа да құлшылықтарына қарамастан үлкен шығынға ұшыратады (Рийадус-Салихин, 218).

Тіл тигізу қатты ашу салдары болып табылады. Зұлымдық, жәбірлеу әрі әділетсіздік – бәрі ашудың салдарынан болатын дүниелер.

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Қай жерде болмасаң да Алладан қорық.  Бір жамандық жасасаң, артынша жамандықты жуып кететін бір жақсылық жаса. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста бол» (Джамиус-Сагыр, 1/65).

«Алладан қорық! Жақсылықты еш кемсітпе. Тіпті шөлдеген адамға берген бір жұтым су болса да немесе мұсылман бауырыңа күлімсірей қарауың болса да». «Етегі жер сызып жүретін киім киюден аулақ бол. Өйткені бұл тәкаппарлықтың белгісі. Ал Алла тәкаппарларды сүймейді». «Егер біреу сенде жоқ кемшіліктермен сені ұялтып, ұрсатын болса, сен онда бар кемшіліктерді айтып оны ұялтпа. Оны сол күйінде қалдыр, сонда сенің сауабың өзіңде, ал оның күнәсі өзінде қалады. Ешқашан ешкімге тіл тигізбе» (Джамиус-Сагыр, 1/66). Басқа хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Ашу кезінде Аллаға иман келтірген құл ешкімге зиян келтірмейді. Сүйікті адамы үшін күнә жасауға бармайды. Оған сақтауға сеніп тапсырған нәрсеге ешқашан опасыздық жасамайды. Ешқашан күндемейді. Біреудің арына қол сұқпайды. Ешкімге тіл тигізбейді. Ешкімге жаман лақап ат тақпайды. Ол намазында бойұсынғыш. Зекет беруін кешеуілдетпейді. Молшылықта ол разы болады.  Қолында барына қанағат етеді.  Біреудің мүлкіне қол сұғып, өзі иеленіп алмайды. Ол ешқашан біреуден кек алмайды. Ол адамдармен жаңа дүниелерді білу үшін ғана араласады. Зұлымдық пен әділетсіздікке кездесіп қалса, Алла Тағала жазасын бермегенше, ол сабырда болады» (Джамиус-Сагыр 2/1375).

«Мұсылманның арына ауызша озбырлық жасау үлкен күнә болып табылады. Тіл тигізген адамға одан бетер тіл тигізу – үлкен күнә» (Джаимус-Сагир, 3/3491)

http://muftyat.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk