wrapper

Жемқорлық бүгінде қоғам дертіне айналды. Бұл жаман әдет әлемдегі барлық мемлекеттерге тән құбылыс десек, қателеспейміз. Қазақ қоғамында да жемқорлық індетіне заңмен барынша қатаң тыйым салынуда. Жемқорлық пен парақорлық жайлы өз заманының озық ойлы ақыны

Шортанбай Қанайұлы (1808-1881

...Билер, пара жемеңдер,

Жанға бейнет кезбеңдер.

Кісі халқын алмаңдар,

Аузыңа пара салмаңдар.

деп жырлап, билер мен төрелерге пара алудан аулақ болуға шақырған.

Адал еңбек қана берекетті. Адал рыздық несібе ғана адамды жақсылыққа апарады.

Ұлы Абай бабамыз:

...Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар...деп, малды адал жолмен тапса ғана берекетті, жұғымды болатындығын айтып өткен.

Асыл дініміз исламда жетпіс үлкен күнәнің бірі – жемқорлық болып саналады. Қасиетті Құранның «Бақара сүресінің» 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды (дүниені) бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» деп, әмір етілген. Ұлы Жаратушы Алла Тағала жемқорлықты барынша айыптап, оған ауыр жаза болатындығңын ескерткен.

Сонымен қатар билер мен қазыларға пара беру арқылы біреудің мүлкін иеменбеуді бұйырған.

Құранкәрімде жемқорлықтың қылмыс болып саналатындығын бірнеше аяттарды ескерткен.

Маида сүресінің 42-аятында: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер...»,-деп оларды яғни пара алушыларды қылмысты ретінде көрсеткен.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) хадистерінде пара берумен алуға қатысты тыйымдар өте көп кездеседі.

Әбу Дәуід және Тирмизиде сахаба Абдулла бин Амрдан (р.а.) жеткен хадистерде:«Алла елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні және пара алушыны қарғыс еткен» дейді. Демек, пара алумен қатар пара беру де күнә болып есептеледі.

Саубан (р.а.) риуаят еткен бір хадисте:«Алла Елшісі (с.ғ.с.) пара берушіні, пара алушыны және пара алуға (екі адам арасында) дәнекер кісіні қарғыс еткен» деп, пара беру, алудағы барлық әрекеттерге қатал тыйым салған.

Тағылымды мына ғибратта: Әбу Зарр (р.а): Мен, пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп:

-         «Мені мансапқа тағайындамайсыз ба?»,-деген едім. Сонда Алла Елшісі: (с.ғ.с) менің иығымнан қағып:

-         «Әбу Зарр! Расында, сен әлсізсің, ал билік – сенімділік. Әрбір адамның қиямет күніндегі қорлығы мен өкініші»,-деген еді, делінеді. (Муслим).

Әр адам өзінің қабілетіне лайықты қызметте болсын дегенді білуге болады.

Пара, дүниеге қызықпай, тура жолмен тура жолмен жүргенде ғана өмірің мағыналы, Алланың алдында және халықтың алдында қызметің мен беделің жоғары болатындығы анық.

Қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресі, 7-аяында:«Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін»,-деп адам баласына қанағатшыл болуды ескерткен.

Парадан аулақ болып, ел сенімін ақтап, Алла Тағаланың тура жолымен жүру басты парыз.

Бауыржан қажы Нығызбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен орталық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk