wrapper

Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі.

Ұлы Абай атамыз:өзінің толғамында:

           ...Сабырсыз, арсыз , ерінішек... деп сабырсыздықты сынайды. Сабырсыздықты еріншекпен арсыздықтың деңгейіндегі жаман әдеттің біріне балайды.

Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған. Балаларымыз сонымен қатар «Асықпаған арбамен қоян алар» деген аталы сөзінің өзі сабырлы болуға, әр нәрсенің ақырын күтуге шақырғандығының белгісі.

Сабырлы болу деген өз намысыңда қорғай алмайтын ынжық болу деген сөз емес. Сабырлылық тек терең ойлауға, байсалдылыққа бастайтын қасиет. Сабырлы болдым деп ар, намысыңда қорлауға төзуге болмайтындығын да ескеруіміз керек.

Адам баласына тағдырдың жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпай сабырмен қарау ләзім.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманның қандай да бір ісі таңғаларлық. Қандай іс болмасын ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер оған бір жақсылық жетсе, ол Аллаға шүкіршілік айтады. Сол шүкір айтқаны үшін оған Алладан жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық жетсе, сабыр етеді. Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық болады», – дейді (Имам Мүслім 2999 б).

Демек, сабырлы адамға Ұлы Жаратушының шексіз нығметтері бар екендігін осылай өсиет еткен. Ұлы Жаратушы сабырлы пендесіне мейрімін төгеді.

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Сөзсіз сендерді қорқынышпен, аштықпен және де малды, жанды әрі жемістерді азайту арқылы сынаймыз, алайда сабыр етушілерді сүйіншіле!» («Бақара» сүресі, 155-аят)

Әрбір сәтсіздіктер Ол ұлы Жатарушының сынағы деп қабылдап, одан сабырмен төзіммен шығумыз керек.

Қиындықтар кездессе оған сабыр ету болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдау керек.

Бұл жайында «Әли Имран» сүресінің 146-аятында: «Алла сабыр етушілерді сүйеді» делінсе, Нахл сүресінің 96-аятында: «Расында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз» деп айтылады.

Сабырлылық адамға өмірдегі түйгендері мен келетін дағды. Ата-ана бала тәрбиесінде сабыр ету, шүкірлік қылу туралы да үнемі айту отыру қажет.

Сабыр Алланың бізге берген ең бңр тығырықтардан шығу ға көрсеткен жолы.

Бір хадисте «Кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Алла оған сабыр береді. Адам баласына сабырдан артық қайырлы әрі үлкен сыйлық берілмеген» деп айтылған (Бұхари, Мүслим).

Бірде сахабалар Алла Елшісіне (с.а.у): «Иман дегеніміз не?» деп сұрағанда, Ол (с.а.у): «Сабыр» деп жауап қатқан болатын.

Сабырлылық адамға сенім ұялататын, болашаққа бағыт сілтейтін, қажыр мен қайрат сыйлайтын ең бір ізгі қасиет болғандықтан, әр кез сабырға ұмтылайық.

 

ШҚО, ҚАТОН ҚАРАҒАЙ АУДАНЫ

ҮЛКЕН-НАРЫН АУЫЛЫ

"ҚАБДЫҒАЛИ АТА" МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ

АМАНҒАРАЕВ ЕЛДОС


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk