wrapper

Расулуллаһ (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Амалдар ниетке байланысты...» (яғни іс-амалдың нәтижесі ниетке қатысты) деген (Бұхари  «Иман», 41; Мүсілім, «Имара», 155).

Осы тұрғыдан алғанда, ғибадаттан бастап, барлық ізгі амалдар ең алдымен Аллаһ разылығы үшін жасалуы тиіс. Әрине, бұл тек шынайы ықылас арқылы ғана мүмкін болмақ. Басқаша айтар болсақ, амалдарды тек шынайы ықыласпен орындау арқылы ғана ғибадат дәрежесіне көтеру мүмкін. Сондықтан, амалдардың Аллаһ құзырында қабыл болуының басты шарты – ықылас.

Ықылас – амалдарды тек Жаратушының разылығын тілеп орындау, оны нәпсілік мақсаттармен араластырмау деген сөз. Тән үшін жанның маңыздылығы қаншалықты болса, амал үшін де ықыластың маңыздылығы соншалық. Ықылассыз орындалған амал  құр шаршау, бос әурешілік.

Ықылас – Алла тағалаға жақын болу мақсатымен жүректі әртүрлі дүниелік пайдалардан сақтау.

Ықылас – амалдардың рия (көзбояушылық), менмендік секілді түрлі рухани кірлерден тазартылуы. Өйткені, мұндай жаман қасиеттер ықыласты кірлетіп, оның жойылуына себеп.

Аллаһтың разылығына жеткізбейтін әртүрлі мақсат-мұраттарды көңілден шығарып тастау – әрбір мұсылманның ең басты міндеті.

Бірақ, мынаған көңіл бөлген жөн. Ықыласты кісілер нәпсілерінің басым келуі нәтижесінде бұл жақсы қасиеттерінен айырылып қалу қаупімен үнемі бетпе-бет жүреді. Бағындырған шыңды ұстап тұру қандай қиын болса, ықыласты сақтап тұру да соншалықты қиын. Бұл жайында хазреті Зуннун әл-Мысридың мынадай сөзі бар:

«Ғалымдардан басқа бүкіл адамзат – өлі. Бүкіл ғалымдар ұйқыда, тек ілімімен амал етуші ғалымдардан тыс. Ілімімен амал етушілердің де алдану ықтималдары бар, тек ықыластылардан тыс. Ықыластылар да (дүниеде) әр уақыт қауіп-қатермен бетпе-бет жүреді...».[ Бәйһақи, Шуабул-Иман, Бейрут, 1990, Y, 345.]

Қиындықтарға қарамастан, шынайы ықыластарын әрдайым сақтап жүретін құлдар Алланың көптеген жақсылықтарына кенеледі.

Қорыта айтар болсақ, ықылас құлдарды игі-қайырдың ең үлкені Алланың разылығына жеткізеді. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk