«Адал еңбекпен мал іздемек арлы адамның ісі», деп бабаларымыз еңбек етудің маңыздылығына терең тоқталған. Еңбек ету қашанда берекет пен ырыздықтың бастауы саналады. Еңбек ету арқылы ғана адам жетістіктерге жете алады. «Бейнет түбі - зейнет» бабаларымыз барлық игіліктің тек еңбекпен келетіндігін айтқан. «Еңбек етсең - емерсің», «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деп, тек қана еңбек арқылы барлық қалауыңа қол жеткізуге болады деп көрген.
Қазақтың данасы Абай атамыз:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.деген.
...Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлой деп еңбек етуді бес асыл істің біріне балаған.
...Сақаланы сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық деп еңбек етудің жасқа қарамайтындығын насихаттаған.
Ұлы Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құранда«Жұма» сүресі 10-аятында: «Намаз оқылып болған соң, жан - жаққа тарап Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз ризық - несібелеріңді іздеңдер» деп бұйырған. Яғни құлшылықтан соң еңбек етіңідер деп әмір еткен. Сонымен қатар «Қасас» сүресі, 77-аятында: «Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай - ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді», - деп, барлық күш қайратыңды еңбекке жұмсауға уағыздаған. Ырыс пен несібенің бастауы қызмет ету, мен еңбекте деп тоқталған.
Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызда да өз хадисінде: «Кім өз қолымен нанын тапса және айналысқан ісінің табысы адал болса, ол адамға жәннат уәжіп» деген. Ең бастысы исламда еңбектің адал болуын, басты орынға қойған. Адал еңбектің берекеті мен несібесі ғана берекетті болатындығын айтып өткен.
Қасиетті Құранның «Нәжім» сүресі 39-42 аяттарында: «Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Соңыра оған қылған еңбегінің бодауы толық беріледі. Күдіксіз соңғы баратын жерің Раббың».деп анық көрсеткен.
Ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с):«Ең таза және адал табыс - сауда жасайтындардың табысы. Олар сөйлеген кезде өтірік айтпайды, өздеріне бір нәрсе аманат еткен кезде аманатқа қиянат жасамайды. Уәде берсе уәделерінен таймайды, сатып алған кезде затты жамандамайды, сатқан кезде оны орынсыз мақтамайды, қарызданған кезде қарыздарын кешіктірмейді. Алашақ болған кезде қиындық тудырмайды» деп әр сауда саласы туралы айтқан. Оларға зор талап қоя отырып, соған лайық болу керек білген.
Тағы да Ардақты Пайғамбарымыз(с.ғ.с) «Бір замандар келеді, адамдар тек мал - мүліктің, ақшаның келуін ойлап, халалын, харамын ойламайды» деп, ұрпақты тек тура жолдан таймауға шақырып, сақтандырған.
Еңбегіміз адал, несібеміз берекетті болғай!