Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгенде еліміздегі ішкі тұрақтылықты сақтау үшін дінаралық һәм ұлт-аралық мәселелерді оң реттеу міндеті аса маңызға ие-тін. Сол кездегі Жоғарғы Кеңес 1992 жылы «Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер» туралы Заңды қабылдап, ел азаматтарының дін-ді ұстанып-ұстанбауына еркіндік жариялады. Сонымен бірге, Қазақстанда жүзден астам ұлт-тың диаспоралары өмір сүретін. Тарихи тағдыр бас қостырған осы ұлыстар бейбіт қарым-қатынаста болуы, ұлтаралық мәселелерді реттеу үшін Елбасымыз 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.
Жалпы, жер бетіндегі халық-тардың талас-тартысына тұздық болып келе жатқан өзекті тақырыптардың бірі – діни әр-алуандылық екендігі тарихтан мәлім. Әртүрлі діни ұстанымдар адамзаттың әркелкі өмір сүру формасын қалыптастыратыны еш-кімге жасырын емес. Діни наным – Жаратушыны өзіндік тұрғыдан танытып қана қоймайды, қоғамдық қатынас барысындағы белгілі бір өлшемдер мен қағидаттарды тудыратын фактор. Осының негі-зінде алажаңқа (плюрализм) көзқарастар мен ұстанымдардың қайшылығы орын алып жататы-нын жоққа шығара алмаймыз. Яғни, адамзат баласы талас-тартыспен емес, татулықпен, ымырасыздық-пен емес, ынтымақпен күн кешуі үшін дінаралық сұхбаттастық пен діни төзімділіктің насихаты ауадай қажет-ақ.
Шынтуайтында, өткен ғасырда құрылған экуменистік қозғалыстың иелері әлемдегі христиан дінінің ықпалын арттыру үшін діндердің сұхбаттастық алаңын құруға талпынып көрді. Бірақ, бақай есепті бұл жоба өзін-өзі ақтаған жоқ. Батыс күштерінің дінаралық диалог қозғалысының ақыр-аяғы сиырқұйымшақтанып, басқа дін-дерді былай қойғанда, христиан-дық бағыттардың өкілдері ортақ байламға келе алмай, ымыра-сыздыққа ұрынды. Ал, үшінші мыңжылдықтың басында Астанада шымылдығын түрген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары-ның съезі транспарентті ұстаны-мының арқасында өзінің өміршең платформа екенін әйгілей алды. Бұл платформа аясында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары-ның әйдік төрт басқосуы жоғары деңгейде өткізілді.
Біздің еліміз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбіт қарым-қатынасының ал-тын көпірі бола алды. Мысалы, тұңғыш рет 2003 жылы түңлігін түрген алғашқы съезде делегаттар тарапынан дінаралық саммитті ұдайы өткізіп тұру бастамасы айтылып, оның жұмыс органы – Съезд Хатшылығын құру туралы шешім қабылданды. Араға үш жыл салып барып өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезі «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты тақырыпты көтерді. Осы жолғы съезд Елорда төрінде бой көтерген Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Форум жұмысына әлем елдерінен 43 делегация қатысып, жиын соңында «Дінаралық сұқбаттың қағидаттары» атты маңызды құжатты қабылдады. Сондай-ақ, съезд соңында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын ашу туралы ұсыныс айтылды. Келесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі 2009 жылы «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негіздел-ген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі» атты тақырыптың аясында өткізілді. Бұл жолы съездің платформасы кеңейіп, басқосуға әлемнің 77 елінен делегация қатысты. Съезді өткізу барысында өзге халықара-лық ұйымдармен әріптестік орнату туралы бастама көтеріліп, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Дін жетекшілерінің кеңесін құруды ұсынды. Соңғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі 2012 жылы «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» атты тақырыптың аясында өтті. Бұл форумға әлем елдері мен халықаралық ұйымдардан 87 деле-гация қатысты.
Президент Н.Ә. Назарбаев съез-де жасаған баяндамасында әлем елдерінің бейбіт қарым-қатынасы-на сына қағылмас үшін жаһандық транспаренттілікті қалыптастыру туралы ой қозғады. Осы тұрғыда Елбасымыз G-CLOBAL ресурсын құруды қолға алатынын паш етті. Съезд делегаттары да түрлі құнды ойларын ортаға салып, қатысушылар тарапынан қызу талқыға түсті. Осылайша, Астана әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыла-рының ашық пікір айтатын алтын тұғырына айналуда.
Дін – өте нәзік тақырып болғандықтан, бұдан бұрынғы өткізілген съездерде дәстүрлі дін жетекшілерін бір үстелдің басына отырғызып, бірін-біріне ғаламда орын алып отырған ортақ түйткілді мәселелерді сезіндіру көзделді. Үмітіміз жанып, дәстүрлі дін көшбасшылары біртіндеп бір-бірін жатсынбай, толғақты тақырыптардың шешіміне қатысты ортақ ойлар айта бастады. Задында, ғасырлар бойы бірін-бірі теріске шығарып келген дін өкілдерінің тең дәрежеде сұқбаттастық жасауы, тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай еді. Әлбетте, бұл Қазақ елінің үлкен жетістігі еді.
Пайғамбарымыз (оған Алла-ның игілігі мен сәлемі болсын) 622 жылы Меккеден Мәдинаға қоныс аударғанда бұл қаланы мекендейтін Қайнұқа, Құрайза, Нәдир яһуди тайпаларымен ортақ тіл табыса отырып мемлекет құрған еді. Қасиетті Құран Кәрім мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде кітап иеле-рімен бейбіт қарым-қатынас жасау жөнінде насихаттар ай-тылған. Демек, Елбасымыздың Қазақстанды дінаралық сұхбат-тастық және рухани келісім ала-ңына айналдыруы – кемеңгер-ліктің көрінісі. Осы жолдағы еңбегіміз жанып, әлемде бейбітшілік үстем болғай!
Ермек Мұқатай,
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай»
мешітінің бас имамы