wrapper

 Халқымызда «Қанағатты қарын тойғызар» дегн қанатты сөз бар. Қанағат дегенміз барға шүкір ету мен жоқа сабыр ету деген сөз.

 Ұлтымыз ежелден қандай замандарда болса да барға қанағат, жоққа сабыр деп ежелден сабыр мен шүкіршілікті серік етіп келген.

Қанағат ету арқылы адам өз нәпсісін тежеп ұстап, ар иманы тазалығына бойлайды. Пендешілікке салынып дүиеге шектен тыс қызығу бұл адамды әртүрі теріс жолдарға итермелейді. Ал жүректе қанағат болса адам өзіне берік болып, Алланың тұра жолында болады.

Қанағат туралы қасиетті Құранкәрімде: «Енді, қашан, жанбастарымен түскендерінде (яғни, жан бергендерінде) олардан (өздерің де) жей беріңдер, (біреуден ешнерсе сұрамайтын) қанағаттыға да және (мұқтаж) тіленшіге де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін Біз оларды (яғни, түйе, малдарды) сендерге бойұсындырдық» (Хаж сүресі, 36 аят) делінген.

 Мұнда Ұлы Жаратушы Алла Тағала адам баланысына қанағат етуді өсиет ете отырып, ізгілік жасауға талпынуға үгіттеген.

Қанағат пен ізгілік және қайырымдылық дегенміз егіз ұғымдар.

Қасиетті Құранның Ахзаб сүресі, 28-29 аятында  «Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындады»  деп үкім еткен.

Мұнда қанағат ету мен сабыр еткендерге Алла Тағаланың шексіз мейрімі мен шапағаты бар деген сөз.

Қанағатшыл болудың маңызы жайлы арғы бергіде өткен ислам ғалымдары да тағылымды әңгімелер мен ғибратты өсиеттер қалдырған.

Қанағат ету туралы асыл дінімз исламда да көптеген тамаша хадистер бар.

 Ұлы Алланың берген нығыметтеріне шүкір етіп, бергеніне разы болып, ашкөздікке, дүние құмарлыққа салынбау қанағтшыл болу дегенге саяды.

Әйгілі сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас: «Ей, балам, егер сен Алладан байлық сұрасаң, қанағатты сұра. Ол ақиқатында таусылмайтын байлық» деп баласына өсиет етіпті.

Қазақтың данасы Ұлы Абай атамыз:

...Қанағат рахым ойлап қой... деуі де бекер емес.

Қазақ халқында қанағатқа байланысты айтылған тамаша мақалдар мен шешендік сөздер бар.

Ата бабаларымыз қанағат етудің мәнісін терең сезініп, ұрпақтарына қанағатт етуді аманаттап кеткен.

Ер азығы - қанағат.

Ынсап сайын береке дейді дана халқымыз.

Бабалар аманатына адал болып, Алланың берген нығыметіне шүкірлік етіп, қанағатшыл болайық.

Қашанда қанағат түбі-береке!

Аманкелді Жарасов, Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы, «Ақжар» мешітінің бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk