wrapper

Ет жүрексіз еріннің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.

Абай Құнанбайұлы

Жақында ғалымдар сөздің ақпарат ретінде программаланып атадан балаға берілетінін анықтаған. Ал, скептиктер: «қарапайым бір сөз қалайша атадан ұрпаққа берілетін программа болмақшы?»,- деп бас шайқап отыр.

Кейінгі кезде ақпарат құралдарында боқтық сөздің адам денсаулығына зияны туралы жиі пікір таластар туындап жүр. Ш... қайда барсаңызда осы сөзді естисіз. Қашып құтылу мүмкін емес. Үлгермейсіз. Қашып құтылуға. Естіп қаласыз. Мүмкін емес. Айтпауға. Тілге жатталып қалған. Жоқ. Тілге емес, генге. Тұқым қуалайды дейді. Мен емес, ғалымдар айтады. Егер осы сөзбен балаңыз өзіңізді сыбап жатса онда ренжімеңіз. Себебі...

ДНҚ - дан тірі ағза жасай салу әсте мүмкін емес. Ол үшін геннің мұра болып берілетін ақпараты болуға тиіс екенін білеміз. Сонда ол ақпарат не? «Толқынды генетика» деп аталатын жаңа ғылымның авторы П. Гаряевтың айтуы бойынша, ген – жай ғана жасуша емес. Адам болмысының барлық программалары осы жасушада сақталған. Ал, жасуша – клеткасының құрамы тек химиялық заттардан тұрмайды, хромасомалардың айналасындағы физикалық алаң голографиялық құрылымға тән. Демек, толқындарды (ақпараттарды) тіркеп отырады. ДНҚ - дағы малекулалар ақпарттарды электромагниттік толқындар арқылы алмастырып отырады. Мұны доктор К.Бакстер былай түсіндіреді: «Адам денесінен ДНҚ - ны алып, бақылау жасалатын адамға әртүрлі эмоциялық ақпараттар беріледі. Нәтижесінде – адам эмоциялық әсерленуге өте қатты берілген кезде оның денесінен алынған ДНҚ да тап сондай күшті электромагниттік әсерлерге ұшырап отырады. Бір таңғаларлығы, ДНҚ-ны эксперимент жасалатын адамнан қанша алыстатсақта әсерлену сол қалпы сақталды». Демек, сөз уақытпен кеңістікке тәуелсіз әсер. Сондықтан, ата бабаларымыздың «жақсы сөз жарым ырыс» деуі тегін емес. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадис-шарифте: «Мүміннің тілі жүрегінің түбінде», - деген. Шын мұсылман үшін жеңіл сөз «ар ұялар іс». Алдамшы көбігі бетінде тұрған көлгір екі жүзді сөз – қоғамды ірітіп тынар кесапат. Ал, мұндай қиянатқа барғаннан гөрі үндемегеннің өзі ғанибет.

Қазіргі кезде ғалымдар ДНҚ-ның көзге көрінбейтін сырларын жарық пен дыбыс арқылы зерттеуге күш сала бастады. Олар генетикалық программалардың құпиясын аша отырып, адам ағзасының ғажайып құпияларын анықтауда. Соның арқасында жазылмайтын науқастарды сауықтырып, өлі өсімдіктерді қайта тірілтудің мүмкіндіктеріне қол жеткізуде. Бірақ, әр ДНҚ-ның программалану сырын түгел сүзіп шықса да, скептиктер оның – таңғажайып құпиясынан хақиқатты көре алмайды. Адам өз жаратылысын анықтап білмей тұрып, өзінің кім екенін сезінбейді. Оны сезбегеннен кейін, басқа адамға қиянат жасау, зұлымдық екенін тілімен айтып тұрса да, жүрегімен нанбайды. Абай хакім: хақиқатты ет жүрегіңмен елжіреп айтпасаң «еріннің айтпа сөзін»,- деп, «тіл үйренген нәпсінің қу мінездерінің» бетін бірден қайтарып тастауының себебі сол.

Осы бағытта ұзақ уақыт еңбек еткен ғалымдар бұл мәселеге қатысты тағы бір таңғажайып жаңалық ашты. ДНҚ адамның айтқандарын түсінеді. Оның құлақтары дыбыс толқындарын естуге өте қабілетті. Жасуша (атадан балаға берілетін) ақпараттарды акустикалық және жарық арқылы да алмаса алады. Мәселен: үнсіз оқып отырған кітаптағы ақпарат электромагниттік канал арқылы жасуша орталығына барады. Бір сөйлем ДНҚ-ны емдеп жазса, енді бір сөйлем түрлі ауруларға душар етеді. Адам Жаратушыға шын пейілмен ғибадат жасаған кезде генетикалық ақпарттардың мүмкіндіктері арта береді. Ал жаман сөз ақпараттар толқынын бұзып, ағзаның дұрыс дамуына кедергі жасайды.

П. Гаряевтың ғылыми дәлелі бойынша адамның ішкі ойлары мен сөздерінен адамның генетикалық ақпараттық құрылымы қалыптасады. Мәселен, бала ана құрсағында жатқан кезде ата-анасының бір-бірімен тіл табысуы нашар болатын болса, кейін айналасына зиян әкелгеннен басқа пайда таппайтын ынжық болып өседі. «Атаның бойындағы әлгі «зиян» ДНҚ-да негізгі ақпарат болып сақталып, кейін баланың болмысына әсер ететіні дәлелденді», - дейді Гаряев.

Сондықтан, біздің не айтып, не тыңдайтынымыз гентикалық ақпарат үшін өте мағызды болмақ. Барлық мәліметтер гентолқынына басылып, әрбір жасушаның бағдарламалары соған орай жасақталып отырады. Бір ғана сөз рак ауруына шалдықтырып, бір ғана сөз қатерлі ісіктен емдей алады. Тағы бір айта кететін жайт, ДНҚ сізбен байланыс жасап отырған тірі жан ба, әлде теледидардағы кейіпкерлер ме оны ажыратпайды. Барлық ақпаратты сол қалпында сақтай береді. П. Гаряев бастаған орыс ғалымдары адамның әрбір сөзі ДНҚ-ға әсер етіп, оның формасы мен құрлысын өзгерте алатынын да анықтады. Егер адам үнемі жағымсыз, боқтық сөз қолданатын болса хромасомалары мутацияланып өзіне әлгі лас ақпаратты деформациялап алады. Сіздің барлық жағымсыз сөздеріңіз бен боқтықтарыңыз ағзаңызға кері әсер етіп қана қоймай, келесі ұрпақтарыңызға да ДНҚ жады арқылы беріліп отырады.

Әсет БЕКТҰР


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk