Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Адамзат өзінің өмірін табиғатын зерттеуге, танып-білуге арнаған. Қай адамды қарамасаңызда, көкейінде бір сұрақпен жүреді. Көбінесе мына сұрақтар: «Жер қайдан жаралған?», «Адамдар неге ұлт пен ұлыстарға бөлінеді?» және тағы басқасы. Осы сұрақтар да мені айналып өтпеді. Негіз ретінде ала отырып, сұрақтарға ғылыми түрде жауап, «Құраннан» дәлел тауып, қуаттауды негізгі мақсат тұтым.
Атам қазақ ежелден білім-ғылым қуып, салт-дәстүрді құрметтеп, бір сенімен жүрген. Осы зерттеулерге негіз болған, дін мен ғылымды жеке-жеке талдап, аражігін ашып және екеуінің байланысын анықтау. Анықтаудың негізгі өзегі ретінде басшылыққа мына екі сұрақты алдым.
I. Ғылым дегеніміз не?
II. Дін дегеніміз не?
Адамзат даму кезеңдерін қарасақ, ғылым мен білім дамудың бір сатысы іспетті. Заман өркениеттінің негізгі құндылығы саналған, сан алуан сұрақтардың талас-тартысын, күмәндісін шешетін және үлкен мәні бар теориялар қалыптастырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолын қарастырған қоғамның асыл құралы, ғалымдардың қаруы. «Ғылым» сөзінің этимологиясы латынның «Scientia» білім деген мағынаны беретін сөзі ғылымтанушылардың назарын аудырған. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім-адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ал енді ғылымға анықтама берсек, ҒЫЛЫМ- тәжірбие жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Сөз жоқ, ғылым адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналды.
«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы - сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал дін ұғымы батыс әлемәнде «аса құрметті, мән берілген, тағзым етілген нәрсе» мағынасындағы латынның «religio» сөзін қолданады. Дін негізінен адамзатқа пайғамбарларға уахи ету арқылы Жаратушыға деген құлшылық, әлем сыры және заңдар мен тәртіптер деп түсінуге болады. Айтылғандардан анықтама қорытып шығарсақ, дін- әрбір ақыл иесін, өз қалауымен дүние және ахиретте бақытқа жеткізетін иләһи жүйе. Адам атадан бастап, бізге дейін бірнеше дін уахи болған және негізгі түпқазыққа қарасақ, ол – Ислам. Әрине, бұл жерде «діннің» ұлан-асыр мағыналық көпқырлығын барынша синтездеп, негізгі ұғым ретінде жеткізуге тырыстым.
Осы адам өміріндегі маңызы зор болған, негізгі категория саналған дін мен ғылымда «не?», «кім?» және «не үшін?» деген сауалдарға жауап береді. Ол екеуі кезектесіп өмір сүрсе, осы заманда бірлікте. Ал енді география ғылымының тылсым дүниеге қатысын талдайық.
Планетталар қалай пайда болған деген сауалға, ғалымдар 5,5-6млрд жылдар бұрын әлем (көк пен жер) біртұтас тұлға еді; осы бір алып дене ортасында қопарылыс пайда болып, кесек – кесек бөліктерге бөлініп кетті. Бұл бөліктер өз беталыстарына қарай тұп-тура ұша бастаған. Міне, осыдан барып күн системасындағы планетталар пайда болған. Ал ендеше «Құранда» осыған қатысты мына аят бар екен. «Кәпірлер соны да көрмей ме,анығында, көк пен жер бір бүтін дене еді. Біз оларды айырып, ажыратып жібердік. Алла түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Барлығы кеңістікте малтуда.(мұндағы күндіз бен түн дегені жер шарын меңзейді)(21-сүре, 30,33аят)
Енді тіршілік қалай пайда болған?-деп сұрасаңыз, жаратылыстану ғалымдары: « 3-4,5млрд жылдар алдында тіршілік судан пайда болған» дейді. Енді Құран не дейді? «Біз барлық жандыны судан жараттық. Олар (Жаратушыға сенбейді) сонда да нанбай ма?»
Аспан кеңістігінің бетін жапқан атмосфера қабаты туралы астрономдар таяу жылдарда ашқан бір шындығы. Ғалымдардың (астрономдардың) айтуынша, атмосферадағы бұл түбі бір-бірінен парықты көп қабаттан құрылған газ тәрізді жұмсақ буалдыр, он мың километр қалыңдықтағы жер шарының мықты сауыты. Мұның ықылым өзгерістерін барлыққа келтіретін, ең астыңғы қабаты он километр қалыңдықта болып, мұның 78% азот, 21% оттегі ұстайды. Бүкіл жандыға керек оттегі осы қабатта.
Онан жоғарғы қабаттары қорғаныс қабаттары болып, бұл қабаттар жер шарына әр күні кеңістіктен ағып түсетін ірілі-ұсақты метеориттер, астироиттардан қорғап тұратын жердің ең мықты сауыты. Егер атмосфера болмаса, жер шары әлдеқашан метеориттер әсерінен шұрық-шұрық болып тесіліп, барлық жан иесі өмір сүруін тоқтатар еді. Жарық етіп атмосфераға кірген аспан денесі газ молекуларына соғылып, ақыры тозаң бөлшектеріне айналып, өзінен-өзі жоқ болады. Күннің өрттей ыстығынан қорғайды және жұқа озон қабаты күннің күлгін сәулесінен бізге қорған. Енді осы көзқкрксқа Құранда қандай аят бар?
Ол мына аят: «Біз аспанды қорғалған (қауіпсіз) бір төбе етіп жараттық. Олар (кәпірлер) оның ғаламаттарынан бет бұрып кетеді.»(ғибрат алмайма). Ал мұндағы қауіпсіз төбе деп отырғаны ойлап қарасам, жоғарыдағы атмосфера қабаты болып табылмай ма? Демек бұл жайлы Құран мен ғылымның пікірлері бір жерден шығады.
Біз барлық аспан денелерін кеңістікте жүзіп жүретінін, бір – ақ өз жолы, яғни орбита бойымен қозғалады. Бұл мәселе жайлы құран былай тіл қатады. «Түн мен күндізді, күн мен айды жаратқан, Алла барлығы кеңістікте жүзіп жүр».( Түн мен күн жер шера дегенді меңзейді). Тағы бір аятта: «Күннің айды қуып жетуі(қосылуы) түннің де уағынан(мезгілінен) бұрын күндізді басып озуы мүмкін емес, әрбіреуі(бір жүйеде) кеңістікте жүзіп жүр».
Енді аспан денелері жүретін жолы бар ма? Бар болса қандай? Шеңбер ме, әлде түзу ме? Оса сауалға құранда мынадай жауап тұрғандай. Өйткені «барлығы өз көлемінде кеңістікте» деген сөздің арабшасын жазсақ, ол былай «کڶ ۏي فڶك» жазылады. Мұны жеке әріп түрінде жазсақ, мынадай болады «ﻙلۏکفڶك» . Мұны оң және теріс оқысаңызда сол сөз. Бұл сөз аспан денелерінің жол түзу емес, шеңбер тәріздес екендігін, жүрген ізін қайта басып тұратындығын меңзеп тұр.
Соңғы жылдары кейбір теңізді зерттеуші ғалымдар теңіз суларының арасында табиғи перде болатындығын зерттеп тапты. Бұл жайлы Француз ғалымы капитан Кусто: «кейбір теңіз суларында табиғи перде болады» деген көзқарасты зерттеген едік. Кейін зерттей келе көзіміз жетті. Ақ теңіздің өзіне тән температурасы, тұщылығы, ніл жұғыны бар. Өз кезегінде тән жануарлары бар. Біз кейін келе Атлант мұхиты суындағы су-жынысын зерттеп едік, ол Ақ теңізден өзгеше болды. Бұл екі су жынысы «Гиблартар» бұғазына барып құяды екен. Осы арнада мыңдаған жылдар ағып жатыпты. Осылай бола тұра осы екі теңіз суының бір-біріне араласпағандығы, бұлардың дәмі де, тұздылығыда, нілі де бір-бірінен бөлек, жан-жануарлары да бір-бірімен араласқанды қойып, бір-біріне жақындаспайтын болып шықты.» деген мәлімдеме жасайды. Мұны естіген жолдасы, мұсылмандықты қабылдаған Др. Морис Бьюсейл капитан Кустоға мына аятты көрсетеді: «Ол Алла екі теңізді ағызды, ол екеуі бір-біріне құйылуда, ал олардың арасында бір-біріне араласпайтын бір перде бар».
Жер шары 24 сағатта өз білігінен 1 рет айеалса, 365күн 6 сағатта өз орбитасымен күнді 1рет айналатындығы ғылымда дәлелдеген. Осыншалық қозғалыста болса да, жер шары тұрақты, тыныш, өлшемді және қалыпты айналуда. Тіпті оның үстінде тұрған біздер оның әрекетеніп жатқанын байқамаймыз. Осы жаңалық ашылғанға дейін адамдар «жер айналмайды, тек күндң айналады» деп қарап келген. Тіпті 17-ғасырда жердің әрекеттенгендігін баяндаған, күн системасы ғылымын зерттеген Бруноны отқа өртеп, Галелейдің ғылыми зерттемелерін теріске шығарып, папалар оны дарға асуға үкім еткен. Осындай сындардан өтсе де, жердің қозғалатындығын, күнді айналатындығын ғылым дәлелдеді. Енді осы туралы Құран Кәрімді тыңдап көрелік: «Сен тауды көріп(бір орында) қатып қалғандай көресің. Ол бұлт көшкендей зымырай жылжып тұр. Ол барлық нәрсені кем-кетіксіз жаратқан Алланың өнері. Алла сөзсіз сендердің істегендеріңнен хабардар». Осы аяттағы «Сен тауды көріп(бір орында) қатып қалғандай көресің. Ол бұлт көшкендей зымырай жылжып тұр.» дегеніжер дің қалыпты қозғалып, қалыпты жылжып тұр деген мағынаға саяды.
Атам заманнан адамдар жер туралы әртүрлі әфсәнәлар айтып келді, ал 12-ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Мұхиддин Ғараби Алланың жерді толық бір өлшем негізінде жаратқандығын дәлелдей келіп, жер шарының домалақ формада екендігін дәлелдейді. Өйткені Ғарабидің көзқарасында: «Ең толық геометриялық өлшем домалақ формада болады» деп қараған. Заманымыздың атақты ғалымы Энштейн бүкіл жер шараның әрекетін бір баллоның дөңгелеуінің меңзетіп, Мұхиддин Ғарабидың көзқарасын тұрақтандырған. Енді осыған қатысты Құран аятына құлақ түрейік: «Ол (Алла) аспан мен жерді Хақ жаратты: Ол түнді күндізге кірістірсе, күндізді түнге кіріктірді; ай мен күнді (перделер мүддесіне) бойсұндырды. Олардың барлығы да (жер, ай, күн) мәлім мерзімге дейін әрекеттенеді. Абай болыңдар Ол Алла жеңіс иесі, әрі төтенше кешірімді.»
Алла жердің бір бөлігінде түнді күндізге із бастырса, күндізді түнге із бастырады. Демек, жердің бір бөлігінде түн болса, келесі бөлігінде күндіз болады. Осылай болудың өзі жердің домалақ екенін дәлелдейді.
Жер қозғалады десе, енді астрономдар күн де бір орында тұрмайтындығын айтуда. Бүкіл галактика (құс жолы) системасының заңдылығы бойынша өз бағытымен секундына 19 километр тездікте үздіксіз алға жылжуда деп қарайды екен.
Құран не дейді? «Күн де тұрағын қарай үздіксіз жол тартуда, бұл барлықтан үстем жіне нәрсені біліп тұратын Алланың тағдыры.»
Енді бағаннан әңгімелеп жатқан күн ситемасы туралы сөз қозғасақ.
Күн ортадағы бір үлкен атом түіршігі сияқты болса, планеталар сол атомғат тартылған электрон іспетті, әрі оны айналады. Жер шары күннен 150 млн километр алыстықта орналаса, Платон 576 млрд километр алыстыққта бір бағытта күнді айналады.
Бұлтсыз түнде аспаннан санап тауысқысыз жұлдыздарды көреміз. Осы бір жыпық көзімізбен көргенжұлдыздардын көрмеген жұлдызымыз көп.
Күн «құс жолы» деп аталатын жұлдыздар шоғырлы желісінің біреуі ғана. Осы құс жолында сан жетпес жұлдыздар бар. Бұл жұлдыздардың кейбіреуі күннен де миллиардатаған есе үлкен. Құс жолының мына шетіне ана шетіне дейін жүз мың нұр жылы болады екен, яғни нұр осы аралықты жүз мың жыл басады екен. Астрономиямен шұғылдатын ғалымдар әлемде әрбір милиардтаған жұлдызды ішіне алған 100 млрд галактика бар дейді. Осы шеті жоқ шексіз кеңістік туралы Құран не деп ғылым қуатайды: «біз аспанды құдыретпен тіктедік және біз оны сөз жоқ кеңейтудеміз.
1917 жылы А.Энштейн мен голландиялық физик У. Десд бірінен бірі хабарсыз тұрып жүргізген зертеулері әлемнің кеңеюін дәлелдеген. Бұл зерттеу осы аяттың шындыққа саятынын дәлелдейді.
Осы желдің пайдасы бар ма? Деген сұраққа ғылым былай жакап береді:
Жел «Айдаушылық» рөлге ие екенін дәлелдеген. Мысалы, атмосферадағы бұлтарады бір біріне қосып, онан сүйкелу арқылы жаңбыр жаудырса, өсімдіктерді тозаңдедырады. Көптеген елдерде ол табылмас электр көзі. Ал Құран қалай жауап береді екен?
Жауабы мынау: «Біз желді(қозғаушы) айдаушы қып жібердік, онан аспаннан су түсірдік, сендерді суардық, сендер суды топтап алуға шамасыз едіңдер»
Ғалымдар жаңбыр бір мөлшерде жауды дейді. Оны тударатын мына факторлар:
1. Буланушылық
2. 2-3 километрдегі шарбы бұлттар
3. Желдің қатысында
4. Тропосферадағы су жиынына байланысты
5. Жердің тарту күшіне байланысты
Заманымыздағы метеорологтар жер бетіне жал сайын қанша жауын жауатынын есептпген: сонда әр секудына 17 мл тонна жауын түседі екен, ал бір жылда орта есеппен 536 трлн тонна болып шыға келеді. Енді бұл жайлы Құранға жүгінейік: «Ол (Алла) аспаннан суды өлшеммен жаудырады. Осы сумен өлген жерді тірілтеміз(көктетеміз). Сендер де сол сияқты тіріліп шығасыңдар»
Және мына аятта: «Біздің алдымызда қазнасы болмайтын ешнәрсе жоқ, бір-ақ біз оны мәлім мөлшермен түсіріп тұрамыз».
Қазірде жер бетінде көптеген ұлттар мен ұлыстар бар және адамзатқа керекті өнеркәсіп бар. Ғалымдар өнеркәсіптерді кластарға бөліп, әлемде елдердің басты көрсеткіші ретінде бірінші орынға қойып, мемлекетің қаншалықты деңгейле дамығанын көрсетеді. Осы жайлы Құраннан мағұлымат қарайық: «Біз Дәуітке бір артықшылық бердік. «Ей, таулыр. Ей құстар. Дәуітпен бірге сайра (Зәбур қасидаларын оқы)» дедік. Және оған темірді жұмсарттып бердік. «Одан киетін кемелді сауыт жаса, оның тор көздері өлшемге сай болсын. (Үй-ішіңмен) бәрің түзу істегендеріңді мен көріп тұрамын.»,-дедік. Біз Сүлейменге таңертең бір айлық жол, кешке бір айлық жол басатын желді бағындырдық. Еріген мыстан бұлақ ағызып бердік, Раббыңның әмірімен жындар да оның алдында жұмыс істейтін-ді, олар кім біздің әмірімізге қиғаштық істесе, оған тозақ отын тарқызатынбыз. Олар (Сүлейменнің қалауынша) ғимараттарды, мүсіндерді, көлшіктей үлкен легендерді, қозғалмайтын қазандарды жасаушы еді. « Ей, Дәуіт әулеті! Шүкіршілік етіңдер, шүкіршілік ететін пенднлерім өте аз»,- дедік».
Жоғарыдағы аяттан екі істі межелеуге болады:
1. Метталургия өнеркәсібі жайлы құранның болашақтағы, яғни қазіргі күндегі деңгейге жетіп, өркендейтінін.
2. Өнеркәсіп елді көркейтсе, қоғамды мықтайтынын.
Және ұлттарға діндерге байланысты мына аят: «Біз адамзатты ұлтар мен ұлыстарға бөлдік және оларға салт- дәстүр бердік», ал дін жайлы « Мұхаммед (с.а.у) Сондай саған біз уахи еткен Құран ол хақ. Алдыңғыны қуатаушы». Осы аяттағы «Алдыңғыны қуатаушы» дегені әлемдік діндер жайлы айтылған.
Осы зерттеулердің тобықтай түйінін жасасақ. Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып білуге және игеруге ұмтылып келеді. Адам баласы даму тарихының белгілі бір кезеңінде ғалымдар ғылымға, ал енді бір кезеңінде дінге сүйенді. Олар бірін-бірі алмастыра келіп, бізге үлкен мұра ретінде жетті. Ислам діні мен география ғылымы бірін-бірі толықтырып, сан ғасыр ашылмаған жаңалықтарды «құраннан» тапқан ғалымдардың сөздеріне қарап осы жайлы зерттеп, бір нәтижеге жеттім деп ойлаймын.
Ғылы мен діннің анықтамасын, ұғымын түсіндіруге тырыстым. Екеуінің бір атаның баласындай екені айдан анық көрінеді. Біреуі тәжірбие арқылы табиғаттың тылсымын түсіндірсе, екіншісі жазылғанға сенуді, табиғаттың тылсымын ұғынуға уағыздайды. Екеуі де әлемдік өркениеттен ойып тұрып орын алады және дүние танымның негізгі категориялары.
Ғылым және діннің байланыстары айқындалды деп сенемін. Осы негізде география ғылымына тылсым дүниеге қатысы дін мен ғылымды салыстыру арқылы зерттелді деп айта аламын. Екі таразының басы теңесіп, бірін- бірі толықтырып, зерттелген мен 14 ғасыр бұрын түскен Құранның аяттары бірін-бірі шындық екенін дәлелдеді.
Қорта келе, тылсым әлемді зерттеуде дінге зер салып қарап, ғылыми зерттеу жасап үлкен құпияны ашуға болады. Ашылған құпияның сыры мен жаңалығы ұрпақтан-ұрпаққа жетер үлкен мұра болары анық.
Кәдіров Берік Кәдірұлы, «Қазақ географиялық қоғамының» толық мүшесі,
ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Халифа Алтай.Құрән-и- Кәрим қазақша түсінігі және мағынасы, Мадина-1997ж.
2. Забенова Г.Б. Қазіргі жаратылыстану концепциялары-Өскемен: ШҚМУ Баспасы-2003ж.
3. Гүнай Түмер, Абдуррахман Күчүк. Динлер тарихи: Анкара- 1997ж.
4. Ислам нұры . Семей. Қаңтар -2010ж.
5. Ғазез Ақытұлы, Құран Кәрімдегі ғылыми негіздер, Алматы- 2007ж.
6. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3 том- 2001ж.
7. Оразгүл Көбеева, Дінтану негіздері, Алматы ҚАЗақпарат-1999ж.
8. География журналдары
9. Ғылыми және діни сөздіктер (терминдерді қарапайым тілмен жеткізу үшін қолданылды)
10. Ғалымдар жайлы. Наука-1996ж.