wrapper

Пайғамбарымыз ғалайһиссәламнан  кейін мұсылмандар жан-жаққа тарап дінге жаңа кіргендермен бірге өмір сүре бастады. Басқа елдердің мұсылман болуымен және жан-жақтағы мемлекеттер мен қарымқатынас басталуымен,басқа діндермен,мәдениеттер,өзге пікірлер,жаңа ойлар,көптеген әдет-ғұрыптар бірімен бірі араласып кетті. Шығыстың рухани тәрбие тәсілдерімен батытың философиялық пікірлері,бұрыннан келе жатқан мистисизим ағымдары мұсылмандардың арасында жайыла бастады.

Индиядан Испанияға дейін мұсылмандар жаңалықтармен танысты, ғасырлар бойы кележатқан Үнділерді, Парсылардың, Мысырлықтардың, Грек және Латын елдерінің, Орта Азия халықтарының діндері,мәдениеттері, салт-дәстүрлері мұсылмандарға әсер ете  бастады.

Пайғамбарымызда (Ғ.С.) екі ғасырдан кейін Араб тілі граматикасыда кітапқа түсті. Бұрын сөз әдебиеті бойынша мақсаттарын жеткісген араптар, жазбаша әдебиетке  көшкеннен кейін жаңа граматика бойынша білі ала бастады. Бұның мағынасы, Құранның гараматикасымен араб тілінің гараматикасының бірдей емес болғаны. Кейін қолға алыпнып жазылған арап тілі граматикасымен бұрын түскен Құранның мағынасын Алланың бұйырғанындай түсіну әркімге мүмкіндік бермеді. Сондықтан Құранның терминдері, Құранның граматикасы, Құранның тәпсірі, «Құрани ілімдер» аталып жеке бір білім саласы болды. Көшедегі тілмен,базардағы арапшамен Құранның мағынасын мүмкін еместігі білінді.

Осындай жағдайлармен Пайғамбарымыздан (Ғ.С.) және сахабалардан кейін мәселелер,проблемалар көбейе бастады,сахабалар, Пайғамбарымыздан (Ғ.С.) тек қана Құранның мағынасын,аяттардың терең тәпсірін үйреуімен қалмай,рухани тәрбиесінде алған еді. Пайғамбарымыз (Ғ.С.) өзі тікелей оларға сұхбат жасап,уағыз айтып, ақ батасын беріп, бірге құлшылық істеп,сұрақтарына жауап беріп,ауруларына Алланың шипасын жеткізіп,мәселелерін шешіп,  жүрегіндегі рухани нұрларын және нурани күштерін жеткізіп отырды. Екінші  жағынан Пайғамбарымыз (Ғ.С.) мемлекетті өзі басқарды. Мұсылмандармен бірге өмір сүрген басқа халықтардың, басқа діндегілердің де мемлекет басшысы, елбасы болып өзі басқарды. Сахабалар да Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) салып кеткен жолымен мемлекет болып бірге өмір сүрді. Бірақ жан-жақтағы мемлекеттердің қосылуымен, басқа халықтардың дінге кіруімен, сол жердегі салт-дәстүр әдет-ғұрыптар және мәдениеттермен діндердің араласуымен көптеген жаңа мәселелер туылды. Ешкім рухани тыныштықтың алдын ала алмады. Сахабалар және олардан кейінгі Табиғиндер сиақты олардың істеген құлщылықтарын істесе де жүректері тынышталмады.Рухани жағынан  да дамыған бұрынғылардын кейін төмендей бастаған мұсылмандар,бұл мәселенің шешімі үшін ізденіске түсті. Мемлекет басшылары,патшалар,әкімдер қолынан келгенін істесе де жол таба алмады. Фақиһ деген фиқыһшылар шариғат заңдарын түсіндірсе де, айтып берсе де,медресселер де дәріс жүргізсе де рухани аштықтың алдын ала алмады. Тәпсір және хадис ғалымдары,аяттармен хадистерді ашықтап түсіндірсе де жүректерге әсер етпеді. Ақида ғалымдары,иманның шарттарын жақсылап айтсада миға қонбады. Барлығы шын ниетпен Алла үшін,дін үшін фәтуа берсе де,қызмет етсе де халықтың рахыни сұрақтарына жауап бере алмады. Берілген фәтуалармен жүректер тынышталмады. Тек қана уағыздау,білім беру,дәріс оқыту болып қалды.Құранның терминдерін,арап тілінің граматикасымен түсіну мүкін болмайтындығына көздері жетті.

Алла Тағаланың махаббаты, қуанышы, ашу-ызасы,айғайлауы, сөз сөйлеуі бұлттармен бірге жерге түсуі,құлдарымен бірге болуы,көзі,тілі,құлағы екі қолы,беті-жүзі,аяғы,арштың үстін де истиуасы,күрсіде отыруы деген сиақты аяттарға біреулерінің берген түсінігімен,басқа біреулерінің айтқан баяндаулары,мәселелердің шешілуіне емес,пікірлердің көбейінуіне бөлінуіне,мазһабтардың тарауына себеп болып,Алла Тағаланың сипаттары туралы айтыс-талас көбейді. Бұрынғы түскен Тәурат,Забур және Інжілге,қаншама адамдардың сөздері араласып кеткендіктен Құран түсірілді деп айтылса да ол кітаптардағы аяттармен де,олардың діни жинақтарымен де уағыздар айтыла бастады.Құранда жоқ ертегілер,бұрынғылардын қалған хикаялар тәпсірлерге кірді.Хадситерге «Мәузу» хадис деген өтірік жалған хадистер яғни адамдардың сөздері қосылды.

Кейбіреулері тек қана бұрынғылардың жолымен жүреміз деп,бұрынғылар деген сөз «Салаф» деп аталғандықтан салафилер пайда болды. Олар,Құран ,хадис және бұрынғылар деп аталған Сахабалардың,табиғиндердің,таба-й табиғиндердің сөздерін,іс-әрекеттерін,әдет-ғұрыптарын,күнделікті жұмыстарын да «Дін» деп қабылдады.

Міне осы кезде жүректің тыныштығын,рухани күштің;рахмет-беркет, бата-дұға,махаббат-салауат,береке-бірлікпен болатындығын,бұлардың Құранда және Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) өмірінде болғанын дәлелдеген рухани ғұламалар өздерін көрсете бастады.Олар, Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) хилафатының яғни мемлекет басқаруының, басшылар тарапынан болатынын; уәләет деген аулиелігінің рухани жолмен болатындығын іс жүзінде де көрсетіп берді.Елбасшыларын силап мемлекетті дамытудың жолын Құрандағы аяттармен дәлелдеді. Басшы болсын,халық болсын барлығына рухани жолды яғни уәләет деген Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) мирас болып қалған жолды жаңғыртты. Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) екі түрлі  ілімді мирас қалдырғанын,бұлардың біреуі заһири яғни дүнияуй ілім екіншісі батыни яғни рухани ілім екендігін айтты. Батыни деген білімнің жүрек және рухани білімдер екенін іс жүзінде де көрсетті. Хасан әл- Басри, Мағруф әл- Кархи, Малик бин Динар, Зуннун әл-Мысри,Суфиан ас-Саури, Жунайд әл-Бағдади,Имам Ағзам Абу Ханифа, Имам Шафиғи,Абдулқадир Гайлани,Имам Раббани, Қожа Ахмед Яссауй, Имам Ғазали, Мәулана Жалаладдин Руми,Хажы Бекташ Уали... т.б. ғалымдар рухани жолды көрсетті.Бұлардан басқа аты-жөні белгісіз сансыз суфилер халықтың жүректерін тыныштандырды.Рухани тыныштық болғандықтан мұсылмандар дүние өмірінде де дами бастады. Әл-Фараби,  Муса әл-Жабир, Ибни Сина, Ұлықбек, Ибни Халдун,әл-Хорезми,Ибни Рүшд,әл-Бируни сиақты ғалымдар өздерін көрсетіп халыққа қызмет етті.

Үлкен соғыстың қылышпен соғысу емес,алдымен өз нәпсісімен соғысып өзін өзі жеңу екендігін дәлелдеді. Символ-рәміз ретінде қолдарына қылыш емес аса таяқты алып жүрді. Аса таяқтың Құранда айтылған Мұса пайғамбардың асасы сиақты ақ бата таяғы екенін, ғажайып кереметтер арқылы дәлелдеді.Мұны көрген халықтың жүректері тынышталып,аурулары жазылып,жұмыстары жақсарып мақсаттары алға басып,қиыншылықтары шешіліп,дінге деген көз қарастары одан ары жоғарлады.Сондықтан жұма хұтпасында Бағдаттың батысындағы мемлекеттерде имам хатиптер қолдарына қылыш ұстап хұтпа оқыды.Бағдаттың шығысындағы елдерде,әсіресе Орта Азияда қолдарына аса таяқ ұстап хұтпа оқыды.

Пайғамбарымыздың (Ғ.С.)  кезінде соғыстар тек қана мемлекетті қорғау үшін болды.Жаудың алдын алу,елді аман сақтап қалу үшін дұшпанға қарсы шықты. Жаулап алу болған жоқ.Меккені алу,соғыспен емес,бірнеше жыл бұрын жасалған келісім шарт бойынша халықтың өз еркімен бағынуымен болды.Мәдинаның бұрынға аты Ясриб болатын Пайғамбардың қаласы яғни Мәдинатун –Наби, қысқаша Мәдина деп аталды.Мәдиналықтарға  мәдени яғни мәдениеттілер денілді.Құранда айтылған Арабилер олар- бәдауй мәдениетсіз,білімсіз,жабайы,надан халықтар. Мәдениетті мұсылмандар,діндлі әдеппен,мәдениетпен,біліммен,иман күшімен,рухани тәрбиемен,жүректің тазалыымен,бата-дұғаларымен таратты.   Пайғамбарымыздан (Ғ.С.) кейін жерді жаулап алу,елді бағындыру,жаңа мемлекеттерді қолға түсіру,қылышпен болған соғыстар деп аталды.

Ислам діні қылышпен емес,үгіт-насихатпен,жеткізумен,біліммен тарады. Бұл жолда суфи деген тақуалы ғалымдардың үлесі өте үлкен. Суфилер,тасаууф деген тақуалық жолымен,  тазалық деген рухани тәсілдерімен дінді таратты. Суфизм жолы, тақуалық, діндарлық,әдептілік, Ислам яғни сау-сәлеметтік, амандық,тыныштық, татушылық,бейбітшілік деген жол. Оларға Құран,Ғибадуррахман/Рижалуллаһ /Әулиеуллаһ дейді. Олар,Рахман Аллаһтың рахымды мейрімді және сүйікті құлдары. Жер бетінде тәкәппарланбай жүреді,басқа адамдарды силайды, ешкімге тиіспейді,біреулер тиссе «сәлем» деп айтып амандық тілейді,құлшылықтарын істейді,халыққа ақ батасын береді,елдің амандығына мемлекеттің тыныштығына дұға жасайды.Суфизімнің негізі әдептілік.Аллаһ тағалаға әдепті бол,Пайғамбарға әдепті бол,өзің,ата-анаңа,отбасыңа,көршілеріңе,барлық халыққа әдепті бол деп бұл өмірде әдеп сақтауды үйретті.

Құранның аяты: Уаиннака лағала хулуқин ғазим «сен өте жоғары көркем мінездісің» . Лақад кана лакум фи расуллиаһи усуатун хасанатун « Алланың расулінде сендерге жақсы үлгілер бар»

Хадис:Аддабани рабби фаахсана та диби «мені, раббым әдеппен тәрбиеледі,неткен жақсы әдепті қылды». Иннама буғисту илла лиутаммима макаримал ахлақ  «мен көркем мінездің кереметтілігін толықтырып жеткізу үшін жіберілдім»

Пайғамбарымыздың (Ғ.С.)  жақсы үлгілерімен дінді таратқан суфилер,әдептілікпен руханитыныштықтың жолын,позитив өмірді оптимист болуды,адамгершілікті үйретті.

Атақты суфилердің бірі Юнус Әміре айтты: «Хақ үшін халыққы қызмет ет.Хақ үшін халықты сүй. Алла үшін Алланың құлдарымен тату бол.»

      «Араладым Шамды Бағдатты,

       Алға қойдым ілімді талапты.

       Ілім білім кейін қалды,

        Алдымен әдеп керек екен әдеп.

        Юнус Әміре айтады: «Ей молда,

        Мың рет барсаңда қажыға.

         Адамның көңілін қалдырсаң,

         Қажылығың қалдығой жолда.»

Суфилер, адамды риза қылған кисиден Алла  риза болады деп тәрбиеледі. Сансыз мешіт салуды емес,сапалы мұсылман болуды үйретті. Алла  тағала жерге- көкке симайды,Кағбада- мешітте  емес,мұсылманның жүрегі Алланың уйі деп тәрбиеледі. Сондықтан ешкімді ренжітпеңдер,көңілін қалдырмаңдар дейді. Алла Тағала жүрекке қарайды деп мына хадисті іс жүзінде дәлелдеген: Инна Аллаһа ла ианзуру ила ажсамикум аула ила суарикум, уалакин ианзуру ила құлубикуи уа ағмаликум. «Аллаһ тағала сендердің сыртқы  денелеріңе және бейнелеріңе қарамайды,ол Алла  сендердің жүректеріңе және істеген амалдарыңа қарайды».

Қожа Ахмед Яссауйдің шәкірті Қажы Бекташ Уәли ұстазының Диуани хикметімен халықты былай тәрбиеледі: «Керемет таста емес баста,сәлде де емес сәжде де.көзіңе тіліңе беліңе ие бол.алдымен әдептілік керек әдепті бол.Бір болайық ірі болайық,тірі болайық.»    

Маулана Жалаладдин Руми парсы тілімен жазған Мәснауйде былай айтты: «Адемзаде егер би-едебест адемнист.

Фарқ дер жисми бени Адемү хайуан едебест

Чешми би гуша уү бибиин жүмле Келамуллаһ ра

Айет айет хемеки мани-и Құран едебест.»

«Адам баласы егер әдепті болмаса адам емес,

Адаммен хайуан денеде бірдей, айырмашылығы ақылмен әдеп.

Көзіңді ашып Алланың Құранын басынан бастап қарап шық,

Сонда көресің Құранның аяттарының барлығы әдепті үйрететін кітап екенін.»                                               

Біздің елге Үкәша ата,Арстан баб,Ысқақ баба,Ибраһим ата сиақты суфилер аса таяғымен жүріп ақ батасын беріп дін таратты. Сахабалардың ұрпақтарынан аттары белгісіз, атаққа шығуды қаламаған  бірақ халықтың оларға «Зеңгі бабалар,Қаража Ахмедтер» деп ат қойған зенжи –қара торы,негр аталар бата-дұғаларымен дін таратты. Суфизм жолындағыларды көріп кейбіреулері суфилер сиақты боламын деп қара сопы болды.Олар өз пайдасымен қалталарын ойлады. Тасаууфпен тариқатты араластырып бөлініп кеткендер болды. Тариқатшылар,мүршид-мүрид шаттарын орындаймын деп бөлінген жамағат топтары болды. «Әл Аман ия шиш әл аман» деп өлеңдетіп трансқа кіргенде ұртынан істіктерді өткізіп бүйірлерінен қылыс сұғып,ыстық майды ішіп шоқтың істінде жалаң аяқ билеуді сопылық деп теріс ағымдарға кетіп қалды.Олардың көргендер бұлардың ісін дінтарату деп ойлаған жоқ керісінше жын соққан бақсылардың шоуы деп білді.

Суфилер,мүрид емес «мұрат құл» деп аталды яғни Алланың қалаған құлдары! Олар әһли жәзбә құлдар. Алланы ойлағанда, Құран оқығанда,дұға қылып бата бергенде денелері тітіркеніп,жүректері жұмсарып,елжіреп көздерінен жас ағады.Сол кезде дұғалары қабыл болады. Оларға «Мәжзуб» сопылар яғни жезбеге түскен сопылар дейді.Оларға ұқсаймын деген қара сопылар трансқа түскен «Мәжнүн»  яғни жын ұрған деп аталды.Суфилер Алланы еске түсіріп ойыме зікір қылғанда жүректерге тыныштық,рухтарға күш берді.Міне осыларға ұқсаймын деп қара сопылар болған сиақты зікіршілердің надандары,емші-көріпкел,аруах жолындағылар деген топтар,имамдарға ұқсаймын деген дүмше молдалар көбейді.

Ислам деген сау-сәлеметтік,бейбітшілік,татушылық,тыныштық,береке-бірлік деген мағынада. Бірақ  дініне кірген бәдәуй Арабтар туралы Алла Құранда балый дейді: Қалатил ағрабу ааманнә, қул ләм түмину уалакин қулу асламнә, аламмә идхулил иману фи қулубикум «Араби деген бәдәуй арабтар,біз иман еттік дейді.Айт: сендер иман етпедіңдер.Сондықтан сендер; мойын  иіп Исламғы кірдік бой сұндық деңдер. Иман сендердің жүректеріңе кірген жоқ!»  Исламның атын жамалғандардың себебімен Исламның мағынасымен сәйкеспейтін,қосымша аттармен аталды. Радикалды Ислам сөзі,міне осылардың себебімен айтылды. Діни фундаментализімнің,діни терроризімнің дінмен исламмен байланысы жоқ.Бірақ осындай жаман атақ қалдырды. Ағымдармен ағып кеткен,дін туралы қуып кеткендердің себебімен  осылайша барлық мұсылмандарға зиян келтірді.Фитна туралы ; әл-Фитнату ашшадду минәл қатли  «Фитна адам өлтіруден де қатты» деп Құранда терроризімнің жамандығы айтылды. Әмір мағруф наһи мункар деп  жақсы әдет-ғұрыптардың орындалуына,жамандықтардың тиылуына шақырды. Әдет-ғұрыптар дін емес,бірақ дінге қайшы болмаған салт-дәстурлердің орындалуы тиылмады.

Құранда жоқ немесе бидғат деген сөздермен де  топ-топ  жамағат болып бөлінгендер шықты. Барлығына Құраннан жауап бар әлбетте. Пайғамбарымыздың (Ғ.С.) сақалын,киімін,мұраларын қаситеттегендерді мүшірік деп санағандарға Құранда айтылған Юсуф пайғамбардың көйлегімен жауап береміз.Өзі де  әкесі Яғқуб та пайғамбар бола тұра көйлекті олданып соқыр болған өзге сипағанда көзі ашылып көргенін Құран айтады.Юсуф пайғамбардың өңінде және түсіндегі аяндарды,сол кездегілердің аяндарын,телепати, визион,көріп сезуді Құраннан үйреніп отырмыз.Мусамен Қызыр пайғамбардың қиссалары Кәһіф сүресінде рухани өмірдің құия сырлары болып баяндалады.Сүлеймен пайғамбардың әскерлері,көзге көрінбейтін әлемнің мәселелері айтылады .Аюб пайғамбардың аяғының астынан шыққан арасансуы, Иса пайғамбардың қолымен шипа таратуы,біздің Пайғамбарымыздың(Ғ.С.) дем салуы,бата беруі,суға оқуы,суфилер тарапынан жалғастырылды. Нұхтың кемесінің «аттаннур» деген тандырдағы қызып тұрған шоқтың күш қуатымен,энергиясымен жүзіп жүруін жаңалықтардың техникалардың тиылмағанын уйреніп отырмыз.Осыған байланысты көптеген  жауаптар Құранда бар.

Суфилер мазһаб,тариқат,жамағат деп бөлмей барлығына дінді айтты. Диолог жолымен сұхбаттың күшін көрсетті.Сұхбат жасаған суфи,жүрегінің рухани күштерін жан –жаққа таратыа әсер етті. Барлық адамдар Алланың құлдары деп еш біреуін бөлмей толераттылықпен дінді түсіндірді. Сондықтан ағымдарға ағып кетседе құтқару біздің міндетіміз.Ағып бара жатқан,адасып кеткен балаларымызды,бауырларымызды,шеттеп тастамай,бөліп қумай бауырға басып,диолог жолымен төзімділікпен дінге тарту міндетіміз. Сұхбаттың әсері өте жоғары.Сұхбат жасаған кісі суфи мінезді болса жүрегінен шыққан нұрлар әсер етеді.Шариғат,тариқат жолдың басы.Мағрифат,Хақиқат ең жоңарғы дәрежесі.Суфилер осы дәрежеге жеткен.

Әдептің негізгі мағынасы;тамаққа шақыру,асқа дағуат деген сөз.Рухани аштықты тойғызу әдеп деп аталады.Әдебиет,әдеп сөзінен келеді.Рухани азыққа шақыру әдептің мағынасы.Бұл,әдебиет сөздерімен ,жазбаша және сұхбат сөздерімен орындалады.Адамның рухын өзіне тартатын,жүректі тыныштандыратын,кісі көңілдендіретін әсерлі сөздер,әдебиеттің әдептілігімен жеткізіледі.Сұхбатшының сөздері жүрегінен шықса,бұған шын ниетпен батасы қосылса әлбетте нұр үстіне нұр болады.

Суфилер,бидғат және соқыр сенімдермен соғысып өмір өткізген жоқ.Жақсылықтарды,әдептілікті орындағандықтан бата дұғалары қабыл болып Алланың рұқсатымен кереметтер,ғажайып өзгерістер,таң ғажайып жаңалықтармен халыққ қызмет етті.

Бір мұсылман баласына әдептілікті үйретсе ең үлкен қызметті атқарған болады. Ата-бабаларымыздан бірнеше ігіт сөз: « Әдепті бала арлы- бала әдепсіз бала сорлы бала» , «әдепті уйдің тағамы тәтті», «жаңбырмен жер батамен ел көгереді», «көптің берекесімен көктің берекеті жауады»,  «ұрыс керіс кетсе,ырыс жеңіс келеді», « отанды сүю имннан», «кең киім тозбайды кеңесші ел азбайды.»   Кеңес деген сұхбат,кеңес деген бүгінгі жиналысымыз. Діни сұхбаттармен рухани тыныштық болады. Сұхбат жасаған тақуалы кісілердің жүрегі тыңдағандарға әсер етеді,күш қуат береді,Аллаһтың рахметі,берекеті жауады періштелер қоршайды. Сұхбат деген тақуалық әдептілік яғни суфизм жолын айту.    

     Имам Ағзам Абу ханиыфның сұхбат өлеңімен аяқтайық:

     «Бір адамда жоқ болса әдеп,

      Пайда бермес оған медрессе мектеп.»

      Сіздермен  Қожа Ахмед Яссауй бабамыздың ақ бата дұғасымен қоштасайын:

      Елда гижени шеми шебистан еткен,          

      Бир лахзада әлемді гүлістан еткен.

      Бес мүшкіл ісім түсіп тұр асан еткей,

      Ей баршаның мүшкілін асан еткен.»   Амин Аллаһу акбар! Қош сау болыңыздар!

                                                                        Мұхаммед Шыңғыс қажы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk