wrapper

«Басталар сөздің басы аманмен» қазақ халқының ежелден келе жатқан жырларында айтылатындай, кездескенде алдымен сәлем берудің маңызы айырықша. Ұлтымызда «Сәлем –сөзің анасы» деген ұлағатты сөз бар.

...Сөйлеу үшін жаратқан

Сөз анасы – сәлемді айт,  деп төкпе жырдың жорғасы Бұқар бабамыз бекер айтпаса керек. Қазақта сәлемге айырықша мән берген. Алыстан келген адамға жасы үлкен демей сәлем берген. «Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы кеп сәлем береді» деген сөз осыдан қалса керек. Қазақта сәлем бергенде анық дауыспен амандық-саулық сұрасады. Адамның адамгершілігін оның берген сәлемінен танитын болған.

 Асыл дінімізде де сәлем беруге ерекше маңыз ерілген.

Алланың Елшісі (с.ғ.с):«Расында, әс-Сәләм – ол АллаТағаланың жерде қалдырған есімдерінің бірі. Ендеше оны араларыңда таратыңдар! Егер бір адам басқа адамдарға сәлем айтса және олар бұның сәлеміне жауап берсе, бұл адамның аналардан артықшылығын көрсетеді. Өйткені ол бірінші болып оларға еске түсірді. Ал егер оған жауап бермесе, онда оған одан да жақсылар мен лайықтылары жауап береді».[әт-Табарани 10391, әл-Бәззар 1999.] деп өсиет еткен.

Бір сөзбен айтқанда сәлем беруде және сәлемді қабылдауда ерекше сауап бар екендігін осыдан білеміз.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистерінде: «Расында, міндетті түрде кешірілулеріңнің себептері болып – сәлемді тарату мен жақсы сөз сөйлеу болып табылады» деп адамдар сәлем беріп, сәлем айтып жақсы сөздің аса зор сауаптың бастауы екендігіне тоқталған.

 Абдулла ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с) былай деп айтқан екен: «Сұрақ қоюдан алдын бірінші сәлемнен бастау керек! Ал сәлемдесуден бұрын сұрақты қойған адамға келсек, онда оған жауап бермеңдер».

  Демек, адамдар алдымен сөзін сәлемнен бастау керектігін нақты жеткізген.

«Сәлем – сөзден бұрын» деп ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиет еткен.

 Сәлемдесу адамдар арасындағы бірлікті, достықты, ынтымақты көрсетеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Мұсылман адамның басқа мұсылманда алты ақысы бар», — деді. Сонда сахабалар: «Ия, Расулулла! олар не?» — деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі: «Егер оны кездестірсең, оған сәлем бер…», — деп жауап берген еді.

Демек, мұсылман мқсылманға кездескенде сәлем беру оның парыз ақысы болып есептеледі.

Қазақта «сәлемім түзу» деген сөз бар. Ендеше, аман-сәлеміміз түзу болғай!

Тимур қажы Қайдарұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Зайсан аудандық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk