wrapper

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Шариғат және пәтуа бөлімі жанынан «Сараптау» секторы ашылды. Сектор меңгерушісі қызметіне Медет Құрсақов тағайындалды.

Медет Құрсақов

«Сараптау» секторының негізгі жұмыс бағыты – діни әдебиеттерді сараптамадан өткізу. Сараптама талабына сай жазылған діни еңбектерге ҚМДБ рұқсаты беріледі.

Күмәнді діни материалдар, бейне-аудио өнімдер мен кітаптарды жалпы қоғамға таратпау мәселесінде «Сараптау» секторы маңызды рөл атқармақ. Өйткені, мұсылман жамағаты тарапынан діни өнімдерге деген сұраныс күн сайын артып келеді.

Жамағатты дәстүрлі Ислам бағытында жазылған еңбектермен қамтамасыз ету – мүфтияттың басты жұмыс бағыттарының бірі. Осы ретте «Сараптау» секторына үлкен міндеттер мен жұмыстар жүктеліп отыр.

http://muftyat.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk