wrapper

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Индонезияға сапары аясында Нахдлатул Улама ұйымы Орталық кенесінің атқарушы директоры Яхия Холил Стакуф мырзамен кездесті.

Делегацияны жылы қабылдаған Орталық кеңестің атқарушы директоры Қазақстанға барған сапарын әңгімелеп, бірқатар маңызды кездесулер болғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол Қазақстанды Орталық Азиядағы іргелі мемлекет ретінде маңызды әріптес санайтынын жеткізді.

Ал өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ең алдымен Нахдлатул Улама ұйымының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар былтыр Астанада болған кездесудегі маңызды жайттар сөз болды. Одан бөлек қазіргі мұсылман әлеміне ортақ маңызды пәтуа қабылдауда тәжірибе алмасу, білім беру мен халал стандарты секілді діни маңызды мәселелерде бір-біріне көмектесу жайы айтылды.

Кездесуде Бас мүфти Яхия Холилге ризашылығын жеткізіп, құрмет көрсетті.

 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk