wrapper

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Орталық аппаратының жиыны өтті.

Алдымен ҚМДБ Төрағасы Орталық аппарат қызметкерлерін көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбасыларына құт-береке тіледі.

Бұдан кейін Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев Бас мүфтидің бағдарлық баяндамасында айтылған бастамаларға сәйкес 76 тапсырманың қаңтар-ақпан айларында 7-уі орындалғанын хабарлады. Солардың қатарында ҚМДБ Төрағасының бастамасымен еліміздегі 9 медресе-колледждің ұстаздарына қосымша жалақы және үздік 200 студентке шәкіртақы берілуде, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Жезқазған қаласында «Ұлытау облысының рухани дамуы» республикалық конферециясы өтті, елордада «Зекет және қайырымдылық» қоры жұмысының ауқымы мен сапасын көтеру мақсатында «Зекет Hub» қайырымдылық орталығы ашылғанын ерекше атай кеткен жөн.

«Бағдарлық баяндамамда қоғамға пайдалы іргелі істерге ұйытқы болатынымызды ерекше атап өттім. Бұл орайда Діни басқарма мен ел мешіттерінің жұмысын бес бағытта жүйелеп, нақты жоспар құрылды. Олардың қатарында жыл бойына жүзеге асатын айрықша жобалар да бар. Бастысы, елге пайдалы ісімізді одан әрі дамытып отыруға тиіспіз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын барысында бөлім меңгерушілері баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Бас мүфти дін қызметкерлеріне жұмысты жетілдіре беруді тапсырды. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk