wrapper

Катарда «Халал» белгісімен азық-түлік өнімдерін сертификаттау бойынша әлемдік стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын аяқтап қалды.

Жоба авторларының айтуынша, рұқсат етілген өнімдерді белгілеу, ережелер мен талаптар әлем өндірушілерінің барлығына ортақ маңызды міндет. Катар сауда-өндірістік палатасы (QCCI)  төрағасының орынбасары Мұхамед бин Ахмед бин Товар халал өнімдер үшін әзірленген стандарттар әлемнің кез келген елі үшін жарамды болатынын мәлімдеді.

Катар сауда-өндірістік палатасы стандартты әзірлеу үшін жай таңдалынбаған. Бұл ел осы сала бойынша барлық инфрақұрылымға ие және географиялық маңызды аймақта орналасқан.

«Әлем бойынша халал сауда айналысы 2 трлн долларды құрайды, оның ішінде 700 млрд доллар ислам нарығына тиесілі. Бұл өз кезегінде халал сертификатына арналған ғаламдық орталықты қажет етеді» дейді бин Товар.

Катар өкілінің пайымдауынша, біріккен халал реттеуші органын құру инвесторларды секторларды дамытуға және нарық қатысушыларының ортасында тауар айналымын арттыруға күш береді. http://e-islam.kz/


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk