wrapper

Астана. 30 қаңтар. E-ISLAM –  2017 жылдың 1 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметінің 10 жылдық атаулы мерекесіне арналған «ҒЗТО қызметі және қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы №72 Қаулысына сәйкес құрылған Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағытында еліміздегі діни ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасын жүргізу, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-талдамалық материалдар әзірлеу, республикалық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарына әдістемелік жетекшілік ету жұмыстарын жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Дөңгелек үстел мақсаты – Орталықтың 10 жылдық мерзім ішіндегі қызметі барысында қол жеткізілген нәтижелермен таныстыру және Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелерін талқылау.

Аталмыш шараға ҚР ДІАҚМ Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А.Әбдірәсілқызы модераторлық етеді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С.Арын, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П.Әбуов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бұрынғы директорлары Ә.Ә.Әбдіәкімов пен Г.Е.Шылымова, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана және Алматы қалалары мен Ақмола және Қарағанды облыстарының Дін істері басқармаларының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің, Халықаралық Түрік Академиясының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өтетін күні мен уақыты: 1 ақпан 2017 жыл, сағат 11.00-де

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 43, №505-ауд. (Мәжіліс залы)

Байланыс телефондары: 8(7172) 76-72-73

8(7172) 76-72-74


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk