wrapper

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті.

Кездесуге Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның наиб мүфтилері, бөлім меңгерушілері қатысты.

Мәжілісте Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу, қоғамда радикалды әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру, сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу сынды мәселелер талқыланды.

«Расында, кейбір азаматтардың діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алып, шетелдік ғалымдардың пәтуасымен жүруді аңсайтыны жасырын емес. Жиһадты желеулетіп, қару ұстап, шетел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны белгілі болып отыр. Елбасының халқымызға, әсіресе жастарымызға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы сөзі дер кезінде көтерілген мәселе деп айтар едік», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы мүфтият қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk