wrapper

Жаңа құрылғы Қағба территориясына тыйым салынған заттарды алып өтудің алдын алады. Осыған қатысты ұсыныс-пікірлер қасиетті қос мешіт істері жөніндегі Президиум отырысында талқыланды.

Қазіргі уақытта әл-Харам мешіті кіреберісінде қажылардың заттарын тексеретін арнайы күзет қызметі бар. Алайда, отырыс барысында мәлім болғандай, кейбір адамдар тыйым салынған заттарды жасырып алып өтуі орын алады.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын мешіт территориясына қаскөй қылмыскер жанармай құйылған бөтелкемен кіріп, Қағба жамылғысын өртеп жіберуге әрекеттенген. Тәртіп сақшылары мен осы маңдағы мұсылмандардың арқасында қылмыскердің ойы іске аспады. E-ISLAM


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk