wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі  өңірдегі діни сауаттылықты арттыру үшін аудандарды діни мамамдармен қанымдау мақсатында 3 айлық білім жетілдіру курсын ұйымдастырған болатын.

Курсқа облыс   70-тен астам имам қамтылып, Құран, Ақида, Фиқһ ілімі және зайырлы пәндерден дәріс алып, өз білімдерін жетілдірді. Шәкірттер тегін ас, жатар орынмен қанымдалып, ай сайын белгілі мөлшерде шәкіртақы төленіп тұрды.

 Осы курстың 1 кезеңінің аяқталуына байланысты  шәкірттерге куәлік табыстау шарасы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.

 Салтанатты шараға ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, ҚМДБ Шәриғат және пәтуа бөлімінің басшысының орынбасары Сансызбай Шоқанов, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат Алтыбай, «Нұр-Мүбарак» университетінің өкілі, және облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бейбт Әшімов  арнайы келіп қатысты.

 «Бүгін елімізде алғаш рет шығыста ашылған имамдардың білімін жетілдіру курсының бірінші кезеңі аяқталды. Курстың келесі кезеңі ертең оқуын бастағалы отыр. Бұл Елбасымыздың діни руханиятқа жасаған зор көмегі екендігі белгілі. Имамдарымыз өз білім деңгейлерін көтеріп, заман талабына сай білім алып қайтты. Діни ілімдерімен қатар зайырлы пәндерден де дәріс өтуі айырықша болды. Шәкірттер дәріске 3 ай бойы ынталы қатысты. Оларға елімізге белгілі дінтанушы ғалымдар дәріс берді» дей келе, куәлік табыстау шарасының ашық екендігін жариялады.

Салтанатты шарада  ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев: «Елімізде алғаш рет Шығыста жүзеге асырылыған имамдардың білімін жетілдіру курсының Діни басқарма үшін де аса маңызды болғандығын айта келе, оқуды ұйымдастырушыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан шынайы алғыс білдірді.

Сонымен қатар шарада, Шәриғат және пәтуа бөлімнің басшысынң орынбасары Сансызбай Шоқанов, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат Алтыбай, «Нұр Мүбарак» университетінен келген арнайы өкіл және облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов  сөз алып, осындай игі бастаманың аса маңызды екендігін жеткізе келе, бұдан ары да жалғасын табатындығын  атап өтті.

 Салтанатты шара барысында 3 айлық білім курсында оқыған имамдарға куәлік табысталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk