wrapper

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» «Рамазанның сауабы» акциясын жариялап, қайырымдылық шарасын қарқынды жүргізді.

Бұл акция аясында қасиетті Рамазан айында қаржылай және заттай қайырымдылық шарасы 5 678 өтініш берушіге ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1 020 балаға Рамазан сыйлығы беріліп, Өскеен қаласындағы 2 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Өңір бойынша 456 отбасына зекет үлестірілді. Жат ағымдармен жұмыс бағытында 2 түзету мекемесіне қайырымдылық дастарханы жайылып, ауызашар өткізілді. Өскемен қаласындағы «Қамқор» Қарттар үйіне қайырымдылық берілді.

Өскемен аймағы «Уақып» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қоры бойынша: сауапты Рамазан айында өңір бойынша 68 970 адамға ауызашар ұйымдастырылды. Және де 2 балалар үйіне, 2 түзету мекемесіне ауызашар берілді. Өскемен қаласындағы оқу орындарымен бірлесе отырып, 1300 студентке ауызашар дастарханы жайылды. Қадір түнінде 12 000 адамға сәресі таратылды. Сонымен қатар 1 347 шәкірттерге сәресін боксы даярланып, үлестірілді. Ораза айт мейрамы өңірде береке-бірліктің мейрамы ретінде тойланып, 2000 адамға айттық дастархан жайылды. Өңірде айт ейрамында өткен іс-шараларға демеушілік жасалды. Қор тарапынан Рамазан айныда ұйымдастырылған өңірлік «Құран жарысына» толықтай демеушілік жасалды.

Бұл аса сауапты шаралар туралы Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілі Берік Кәдірұлы былай деді: «Құран Кәрімде Алла Тағала «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деген. Қасиетті Рамазан айында аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында ауқымды қайырымдылық шаралары жасалды. Мұқтаждарға қасиетті Рамазан айының берекетін сезіндіру, мешіттің мейірімділігін көрсету басты парызымыз. Іс-шара Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айы бойында қарқынды жүрілді» деп атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk