wrapper

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылының аясында Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешітінің» ат салысуымен Алғабас ауылында шабандоздар арасында көкпар сайысы өтті. Бұл жарыс ораза айт мейрамы қарсаңында ұйымдастырылды.

Сайысқа Күршім және Алғабас ауылдарынан шыңдалған бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберліктерін сарапқа салды. Сайысты ауыл тұрғындары тамашалады.

Көкпар туралы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы : «Көкпар жарысы ауданымыздың көкпар ардагері Арман ағамыздың 50 жасына арналды. Көкпар ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деп атап өтті, өз сөзінде. Ол сонымен қатар бұл бастаманы іске асырып отырған «Алғабас ауылдық мешіті» ұжымының еңбегін жоғары бағалады.

Сайыстың көргін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар мешіт атынан марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk