wrapper

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылының аясында Өскемен аймағы өкілдігі «Имамдар және жамағат арасында I ат спорты ойындары» сайысын өткізді. Атап айтқанда бұл сайыс көкпар, аударыспақ, қол күресі, гир көтеруден Өскемен қаласының сыртындағы атшабарда ұйымдастырылды.

Сайысқа тұлпары сақадай сай имамдар, жамағаттардан құралған бірнеше командалар қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберліктерін сарапқа салды. Аударыспақ ойыны да аса тартысты қызықты өтті.

Сайысты тамшалауға халық мол жиналды. Сайысты ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын оятуға бірнеше шаралар жоспарланып, іске асуда. Ат спорты мен көкпар ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деп атап өтті, өз сөзінде.

Сайыстың көргін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командаларға Өскемен аймағы «Уақып» қоры атынан марапат және сыйлықтар берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk